Date of publication: 22.04.2015 16:07
Date of changing: 22.04.2015 16:08

Мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен Зеленов ауданы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасы « Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер Палатасының Зеленов аудандық филиалымен бірлесе отырып жаңадан бастаушы кәсіпкерлермен «дөңгелек үстел» өткізілді. 

«Қазақстан -2050стратегиясы» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»атты  Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі бағыттарын анық айқындап берді. 

Қазақстан –даму болашағы айқындалған тұрақты ел. Мемлекет жаңадан бастаушы кәсіпкерлерге көмек көрсете отырып, шағын және орта бизнестің дамуына көп көңіл бөлуде.

Кездесу барысында мемлекеттік кіріс басқармасының басшысы                   М.Е. Сарсеев  салық салу жүйесіндегі мәселелер бойынша түсініктеме берді.

Салық басқармасының қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсарту бойынша белсенді жұмыстануда, атап айтқанда ол - салықтық  қызмет көрсету мерзімдерін бұлжытпай орындау;салық төлеушілерге қызмет көрсету барысында барынша қолайлы жағдайлар жасау; салық төлеушілермен уақытылы және сапалы ақпаратты (мамандардың кеңес беруі,  соның ішінде  телефон  бойынша, ақпараттық стенд, интернет, баспасөз өнімі, БАҚ)алуды қамтамасыз ету.

Жоғары тиімді салық қызметі болған жағдайда  түсімдердің толықтығы барынша мүмкін, ол үшін біз қызмет көрсетудің сапасын жақсартуды жалғастыру міндетін алдымызға қоямыз.

 

Зеленов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы