Date of publication: 22.04.2015 11:00
Date of changing: 22.04.2015 11:09

Барлық өркениетті елдерде товарды сатып алу  кезінде тұтынушыларға бақылау чегі беріледі. Бұл бақылау чегі тұтынушылардың құқын қоргау үшін, сатып алынған товардың, сапасыз болған жағдайында тауарды кері қайтару үшін және ақша операциясының қозғалысын бақылап, бюджетке салықтың толықтай түсуін қадағалауға мүмкіндік береді.

           Алайда тәжірибеде көптеген жағдайда тұтынушыларға  бақылау чегі берілмей, тұтынушылардың заңды құқы бұзылады.

           Осы себепте «Тұтынушылар құқын қорғау» туралы Заңның 33 бабына сәйкес, сауда орындарының бақылау –кассалық машиналар (БКМ) орналасқан жерлерде,  тұтынушылар кассалық бақылау чегін алуға міндетті және БКМ қолданыс тәртібі бұзылған жағдайда Мемлекеттік  кірістер органдарына хабарлауға құқылы екендігін көрсетіп хабарлама тұруға міндетті.

         Азаматтардың салықтық мәдениеттілігін арттыру мақсатында, және бюджетке түсім көздерін көбейтудің қосымша шараларын анықтау мақсатында барлық  ресурстар іске қосылуда.

Бұл жағдайда Орал қаласы бойынша Мемлекеттік  кірістер басқармасы 2015 жылдың 1 сәуірінен - 30 қарашасына дейінгі уақытта Орал қаласы әкімшілігінің қолдауымен және қаладағы барлық жоғарғы оқу орындарының студенттерін жұмылдыра отырып «Чек талап ет те – жүлдені ұтып ал» акциясын өткізуде.

           Акцияға қатысушылар сауда орнынан алынған  бақылау чектерін арнайы орналасқан ауыстыру пунктеріне барып купонға айырбастау қажет. Алынған купондар бойынша ай сайын 1 жеңімпаз анықталып отырады.

Акцияны жүзеге асыру мақсатында Гуманитарлық академияның студенттері                  « Орал»  ойын – сауық кешенінде 04.04.2015ж. флаердарды үлестіріп, тұтынушылардың құқықтарын түсіндірді.

 

             «Орал ойын – сауық» кешенде, «Атриум», «Променад», «Сити центр», «Зачаганск» сауда орындарында чектерді қабылдау пункттері жұмыс жасайды.

               Жергілікті тұрғындардың назарын көптеп аудару мақсатында 08 -09 ақпан күндері Гуманитарлық Академия, АТИСО студенттері флешмоб өткізді.

        Акцияны өткізуде жоғарғы оқу орындарының студенттері үлкен қолдау көрсетіп,  акцияның жүзеге асыру идеясын  іске асырды. Олардың барлығы да «Чек талап етте – жүлдені ұтып ал» жазулары бар ақ футболкалар киіп, түсінік жұмыстарын жүргізді.

Сондай – ақ акцияны өткізу үшін сауда кезінде фискалды чектерді талап ету, егер берілмеген жағдайда тұтынушылардың Орал қаласы бойынша Мемлекеттік  кірістер басқармасына хабарлау үшін телефон номерлері көрсетілген ақпараттық жапсырылымдар әзірленді.

Бұл ақпараттың жапсырылымдарды  «Чек талап етте – жүлдені ұтып ал» жазулары бар ақ футболка киген жастар тұрғындарға таратып оларға тұтынушылардың құқықтарын түсіндірді. Студенттер сауда орындарында кафелерде, шаштараздарда болып ақпараттық жапсырылымдарды таратып, БКМ дері орналасқан жерге жапсырылды.

 

 

 Орал қаласы бойынша Мемлекеттік  кірістер басқармасы басшысының орынбасары А.Балахметова ақпарат көздері арқылы (Казахстан – Орал телеарнасы) акцияның мақсатын  және шарттарын  түсіндіріп  берді.

Бұл акция өз жалғасын тауып, сәуір айының аяғына дейін  флешмобтар жүргізіледі, және 2015 жылдың 30 қарашасына  дейін ай сайын жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтар табысталатын болады. 

Орал қаласы бойынша Мемлекеттік  кірістер басқармасы