
БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2022 жылдың 15 қыркүйегінде мүлік және кірістер туралы декларация 270.00 нысанын тапсырудың 2021 жылға электронды түрде берілетін соңғы күні екенін еске салады.
Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны осы жылы мынадай тұлғалар тапсыруға міндетті:
- жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары;
- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары;
- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары;
- «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген адамдар.
Сондай-ақ, егер салық декларациясы мерзімінде берілмесе, онда салық органдары бірінші рет ескертумен шектеледі ("Әкімшілік құқық бұзушылық туралы"ҚР Кодексінің 272-бабының 1-тармағы). Ескерту берілгеннен кейін бір жыл ішінде жеке тұлға тарапынан қайталап бұзушылық орын алса, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатыды, ол бүгінгі күні 45 945 теңгені құрайды («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 272-бабының 2-тармағы).
Салық есептілігін тапсыруды соңғы күнге қалдырмауға кеңес береміз.
СЕӨС клиенттік қосымшасымен және «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасымен жұмыс кезінде үлкен жүктемеге байланысты, қолданушыларға салық есептілігін табыс ету процессін қиындатады.
E-Salyk Azamat мобилді қосымшасы 270.00 салық есептіліктері нысандарын тапсыру бойынша сіздің көмекшіңіз.