Date of publication: 07.04.2015 16:26
Date of changing: 07.04.2015 16:28

Аталмыш шараға   Бөрлі ауданы бойынша  Кәсіпкерлер Палатасының басшысы Кужахметов С.К., "Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы" КММ  көшбасшысы  Иралиев А., Тарлан жастар қоғамдық бірлестігінің көшбасшысы  Кемелханов Е.К., Бөрлі ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері, ауданымыздың салық төлеушілері және  БАҚ өкілдері қатысты.

        Бұл жиында Бөрлі ауданы бойынша Мемлекттік кірістер басқармасы  басшысының  орынбасары  Е.Алғазиев жиналған қауымға құрмет білдіріп, ұйымдастырылып отырған дөңгелек үстелдің мақсатын түсіндірді.  Яғни , азаматтардың тұтынушы ретінде  өз құқығын қорғай білу мәдениетіне тәрбиелеуге  аса көңіл бөлді.  Сонымен қатар салық төлеушілер арасында салық тәртібін жоғарылату мақсатында бақылау-кассалық машинасын  қолдану бюджетке түсетін салық төлемдерінің  көбеюі, адал бәсекелестіктің ынталандырылуы, көлеңкелі экономика көлемінің қысқаруына  септігін тигізетінін айтып өтті.

         Отырыс барысында қатысушылар акцияның өткізілуіне  келесідей ұсыныстар ұсынды: оқу орталықтарында қосымша стендтар орналастыру, жастардың флэшмобқа қатысуы және т.б.

        Сондай-ақ жастар қоғамының көшбасшысы Е.Кемелханов   осы акцияға қатысу арқылы  тұрғындарға түбіртекті талап  ету маңыздылығын жеткізуге болатындығы жайында, ал бұл өз кезегінде  тек азаматтарға ғана емес, сонымен бірге  мемлекетке де  өз пайдасын тигізетіні  жөнінде айтып өтті.

Бөрлі ауданы бойынша МКБ