Date of publication: 11.02.2021 11:48
Date of changing: 11.02.2021 11:49

Мемлекеттік органдардың жылжымайтын мүлік объектілері, көлік құралдары, жер учаскелері бойынша деректер базасының өзекті болмауы жеке тұлғаларға жыл сайын проблема туғызды.

Бұл проблеманы шешу үшін 2019 жылдан бастап Деректер базасын өзектендіру жөніндегі жұмыс тобы жұмыс істейді, оның құрамына Қаржымині, ІІМ, ЦДИАӨМ, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ, «ҰАТ» АҚ техникалық өкілдері кірді. Бұл туралы МКК төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

Жалпы жұмыс тобы 25 млн. астам мәліметтерді өңдегенін және 5 млн. астам: жылжымайтын мүлік бойынша – 2,6 млн.; көлік құралдары бойынша – 943 мың; жер учаскелері бойынша – 1,7 млн. қате мәліметтерді өзектендіргенін атап өтті.

Сервис тиісінше жылжымайтын мүлік объектілері, көлік құралдары, жер учаскелері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ, ІІМ ӘПК және ҚР АШМ МЖК ААЖ ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған.

Объектілер деректемелерінде қате мәліметтер болған жағдайда, салық төлеуші тиісті уәкілетті мемлекеттік органға өзектілендіру үшін «E-salyq Azamat» мобильдік қосымшасында өтінім жіберуге мүмкіндігі бар. Өтінімді қарау мәртебесін сол сервисте қадағалауға болады. Бүгінгі күні көлік құралдары бойынша 8938 пайдаланушы, жылжымайтын мүлік бойынша 228 пайдаланушы, жер учаскелері бойынша 568 пайдаланушы деректерін түзетуге өтінім берді.