Date of publication: 11.02.2021 11:27
Date of changing: 11.02.2021 11:41

Берешек сервисі бойынша сұрау салулар саны бір жылда екі есе өсті. Егер 2019 жылдың қорытындысы бойынша мұндай сұрау салулардың саны 57,6 млн. құраса, 2020 жылы - 91,3 млн. құрады

Бұл туралы МКК төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев Орталық коммуникациялар қызметінде «E-salyq Azamat» мобильдік қосымшасын таныстыру кезінде хабарлады.

«Оның ішінде ең көп сұрау салулар саны - 33,1 млн - ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің порталына түсті. Қалған сұрау салулар мобильді қосымшалары арқылы екінші деңгейдегі банктерге жіберілді.» - деді.

Сондай-ақ, жыл ішінде алдағы төлемдер сервисі бойынша сұрау салулардың үш есеге өскені байқалады. (2019 ж. - 2,2 млн. 2020 ж. - 6,1 млн.).