Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Орал қаласындағы «Жастар» мәдениет сарайында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген жаңа Салық және Кеден кодекстерінің ерекшеліктерін, басты өзгерістерін түсіндіруге арналған семинар өткізді.
Семинарға салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қымет қатысушылары қатысты.
Семинарды кіріспе сөзбен Департамент басшысының орынбасары Қадаров Бауыржан Наурызғалиұлы ашып, күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырды.
Департаменттің басқарма және бөлім басшылары өз баяндамаларында салық және кедендік әкімшіліктендірудегі өзгерістермен таныстырды.
Жаңа салық көлемі 25 бапқа қысқартылған, кейбір жаңашылдық нормалардың заңды күшіне енуі кезең кезеңмен 2019, 2020 жылдары жүзеге асырылады.
Салық кодексінің құрылымы өзгеріп, салық төлеушілердің қызмет ету саласы бойынша бөлек тараулар қарастырылған.
Салықтық өзгерістер идеологиясы адал салық төлеушінің мүддесін қорғауға бағытталатынын атап көрсетті, ал барлық түсініксіз және олқы тұстар салық төлеушілердің пайдасына шешілетін болады.
Жаңа кодексте шағын бизнес субъектілеріне көптеген жеңілдіктер қарастырылған.
Патентпен жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін салық ставкасы 2 пайыздан 1 пайызға төмендетілді. Бұрынғы 2 пайыз ставкамен тек сауда саласында қолма-қол ақшамен жұмыс жасайтындар 2020 жылға дейін салық төлейтін болады.
Әлеуметтік салықтың ставкасы 1,5 пайызға азайтылып, 9,5 пайызды құрады (бұрын 11 пайыз болды), ал шаруа қожалықтары әлеуметтік салықтан толықтай босатылды.
Айналымы көп, бірақ табысы аз салық төлеушілер үшін жаңа салық режимі - тіркелген шегерімдер режимі енгізілді.
2020 жылдан бастап талап қою мерзімі 5 жылдан 3 жылға қысқартылады.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Кеден кодексі де күшіне енді.
ндық экономиканы дамыту үшін жағдай жасауға Бұл құжат кедендік рәімдерді оңайлатуға, уақыттық және қаржылық шығындарды төмендетуге, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметті жүргізудің тиімді шарттарын орнатады.
Кодексте электрондық кедендік декларациялауға басымдылық берілген. Енді қағаз түріндегі декларациялау тек қана авариялық жағдайлардағы ақпараттық жүйелердің ақаулары сияқты ерекше жағдайларда ғана жүзеге асырылады.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап электронды декларациялау бойынша Астана -1 ақпараттық жүйесі іске қосылды.
Заңнаманы бұзу тәуекелі жоқ болған жағдайда кедендік декларацияларды кеден органдарының лауазымды тұлғаларының қатысуынсыз – ақпараттық жүйелерді қолданумен автоматты түрде тіркеу және шығару мүмкіндігі қарастырылған.
Бизнесті жүргізуді оңайлату мақсатында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін кедендік баждарды кейін төлеу немесе бөліп төлеу мүмкіндігі ұсынылады.
Кедендік заңнаманың барлық жаңашылықтары мен оңайлатулары сыртқы экономикалық қызметті жүргізуді жеңілдетумен ота
арналған.
Семинар барысында салық төлеушілер мен сыртқы экономика қатысушылары салық және кеден заңдылықтарына енгізілген жаңа өзгерістер бойынша сұрақтарына жауаптар алды.
Жаңа идеология, жаңа ынталандырулар мен әкімшілендірудің жаңа әдістері сапалы жақсартулардың негізін салуда.
Салықтық, кедендік жаңашылдықты енгізумен салықтық даулар азаяды, тексерулердің саны төмендейді, әкімшілендіру жеңілдейді. Шикізат өңдеу ынталандыруға ие болады, несиелеуге қолдау жасалады, АӨК және ШОБ қолайлы режимге ие болады. Салықтық саясат тұтас алғанда айқын әрі түсінікті болады.
БҚО бойынша МКД