Жарияланған күні: 17.06.2020 10:43
Өзгертілген күні: 17.06.2020 10:44

2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың және олардың құжат айналымының қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 тамыздан бастап, туындаған құқықтық қатынастарға таратылады және 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

Министр                                                    Е. Жамаубаев

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің

2020 жылғы «____» ________

№ ______ бұйрығына

2-қосымша

 

Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың және олардың құжат

айналымының қағидалары мен мерзімдері

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың және олардың құжат айналымының қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес салықтық әкімшілендіруді жаңғырту және жетілдіру, экономикалық нәтижені бағалау мақсаттарында әзірленді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлардың қозғалысын бақылауға арналған тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды (бұдан әрі – ТІЖ) ресімдеу тәртібін айқындайды.

2. Салық салу, бухгалтерлік есепке алу, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіру мақсаты үшін ТІЖ:

1) тауарға ілеспе, оның ішінде салық төлеушіге тауарларды тиеп жөнелтуді растайтын құжат;

2) бастапқы бухгалтерлік құжат болып табылады.

3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1)  ЭШФ АЖ – уәкілетті органның ақпараттық жүйесі;

2) ТТҚ АЖ – тауарларды таңбалау мен қадағалау ақпараттық жүйесі;

3) ТБЖ – тәуекелдерді басқару жүйесі;

4) виртуалды қойма – тауарлардың өткізілуін автоматты режимде бақылауға арналған ЭШФ АЖ модулі;

5) ЭШФ АЖ қатысушыны есепке алу жүйесі – салық міндеттемесін орындау мақсатында жүргізілетін бастапқы есептік құжаттардың деректерін, бухгалтерлік есеп тіркелімдерін, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қамтитын бухгалтерлік және салық есебінің жүйесі;

6) ТІЖ тіркеу нөмірі – оны тіркеген кезде берілетін және өнім берушінің сәйкестендіру нөмірінің, ТІЖ тіркелу күнінің және бірегей дәйексіз нөмірінің негізінде автоматты түрде ЭШФ АЖ-да қалыптастырылатын ТІЖ бірегей нөмірі;

7) бөлшек сауда – кәсiпкердiң сатып алушыға кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес, жеке, отбасылық, үйде немесе өзге де пайдалануға арналған тауарды сатуы;

8) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы куәландырылған құжат;

9) қойманың сәйкестендіру нөмірі (ID) – салық төлеушінің ЭШФ АЖ-ғы виртуалды қойманың тіркеу нөмірі;

10) виртуалды қоймалардың түрлері – ТІЖ ресімдеуде пайдалануға арналған қоймалардың белгілері;

11) бастапқы ТІЖ – ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарды әкелген кезде ресімделетін ТІЖ;

12) уәкілетті жеке тұлға – осындай заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) немесе дара кәсіпкер не жеке практикамен айналысатын адамдардың атынан ЭШФ АЖ-де құжат айналымы процесінде сенімхат негізінде операцияларды жүзеге асыруға құқық берілген заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) немесе дара кәсіпкердің не жеке практикамен айналысатын адамдардың қызметкері;

13)  қағаз ТІЖ тіркеу журналы – қағаз тасымалдағышта ресімделген ТІЖ тіркеу және есепке алу үшін арналған журнал;

14) ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ;

15) ЕАЭО шеңберіндегі транзиттік өткізулер – Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ЕАЭО мүше бір мемлекеттің аумағынан ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды өткізу;

16) GTIN (Global Trade Item Number) - GS1 жүйесінің стандарттарымен белгіленген қағидаларға сәйкес оның әлемдік экономикалық кеңістікте бір мәнде сәйкестендірілуі мақсатында ұлттық (өңірлік) GS1 ұйымның тауарлар тобына берілетін жаһандық сәйкестендіру нөмірі. ТТҚ АЖ-ғы тауар коды ретінде пайдаланылады.

17) таңбалау кодтарын қабылдап алу/беру актісі – таңбаланатын тауарлардың айналымы кезінде ТТҚ АЖ-да қалыптастырылатын электрондық құжат;

18) тауарларды әкелу туралы хабарлама – тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде ТТҚ АЖ-да қалыптастырылатын электрондық құжат;

19) ҚР ҚМ МКК – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;

20) осы Қағидалар шеңберінде пайдаланылатын өзге де ұғымдар Салық кодексіне және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес қолданылады.

4. Виртуалды қоймалар түрлері:

1) «Бөлінбеген қойма» - пайдаланушы тіркелген кезде жүйе автоматты түрде құратын қойма;

2) «Басымды қойма» - ЭШФ АЖ қатысушысы автоматты түрде кіріске алу және тауарларды виртуалды қоймадан есептен шығару үшін айқындаған қойма;

3) «Тауарларға арналған декларациялар бойынша тауарларды кіріске алу қоймасы» - Тауарларға арналған декларациялар бойынша тауарларды автоматты түрде кіріске алуға арналған қойма;

4) «Жария қойма» - сатып алушы қойманы таңдау үшін өнім берушіге тауарларды өткізу және сату кезінде ұсынатын қойма;

5) «Мобильді қойма» - тауарларды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тауарларды өткізуге арналған қойма;

6) «Бірлескен қызмет қатысушыларының қоймасы» - бірлескен қызмет қатысушылары пайдаланатын қойма (бұдан әрі – БҚҚ қоймасы);

7) «Лизингке арналған қойма» - белгілі бір уақыт ішінде әртүрлі контрагенттермен (өнім беруші немесе алушы) бірлесіп пайдалануға арналған қойма;

8) «Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша қойма» - шикізаттың алушы-берушілері және қайта өңдеушілері пайдаланатын қойма;

9) «Қайта ұйымдастырылатын тұлғаның қоймасы» - кәсіпорынды қайта ұйымдастыру кезінде пайдаланылатын қойма.

5. ТІЖ құжат айналымы процесінде мынадай операциялар орындалады:

1) ТІЖ ресімдеу – осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес нысандарды толтыру, және ЭЦҚ көмегімен қол қою, қағаз ТІЖ ресімдеген жағдайда уәкілетті физикалық тұлғаның қол қоюы және мөрі (болған кезде);

2) ТІЖ тіркеу – ЭШФ АЖ-да бірегей тіркеу нөмірін беру, қағаз ТІЖ ресімдеген жағдайда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу жүйесінен немесе қағаз ТІЖ тіркеу журналынан нөмірді беру рәсімі;

3) ТІЖ растау – тауарларды алған кезде алушының ТІЖ растауы;

4) ТІЖ ауытқуы – тауарлардың сәйкессіздігі болған кезде алушының ТІЖ ауытқуы;

5) ТІЖ түзету – бұдан бұрын ресімделген ТІЖ жою жолымен тауарлардың өнім берушісін және (немесе) алушысын ауыстыруға әкеп соқтырмайтын қателерді түзету;

6) ТІЖ кері қайтару – бұдан бұрын ресімделген ТІЖ кері шақырту.

6. Пилоттың қатысушылары электрондық нысанда ресімделетін ТІЖ құжат айналымы мақсатында мынадай қосымшаларды пайдаланады:

1) Web-қосымша – жұмысты on-line режимде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін;

2) API-интерфейс – сыртқы есепке алу жүйелерге ЭШФ АЖ-дің қатысушылардың есепке алу жүйелерімен интеграциясы жолымен Web-қосымшадағы бизнес-процестерде көзделген барлық операцияларды орындауға мүмкіндік беретін.

 

2-тарау. Пилоттық жобаның қатысушылары

 

          7. Пилоттық жобаның қатысушылары:

1) этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндіру және өткiзу бойынша қызметті жүзеге асыратын субъектілер;

2) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру және өткiзу бойынша қызметті жүзеге асыратын субъектілер;

3) темекі бұйымдарын өндіру және өткiзу бойынша қызметті жүзеге асыратын субъектілер;

4) ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың әкелуін жүзеге асыратын субъектілер;

5) Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына тауарлардың әкетуін жүзеге асыратын субъектілер;

6) ЕАЭО шеңберінде транзиттік өткізулерді жүзеге асыратын субъектілер;

7) ЭШФ АЖ «Виртуалды қойма» модулі арқылы ЭШФ жазып берілетін ДСҰ Алып қою тізбесінен тауарларды өткізу бойынша қызметті жүзеге асыратын субъектілер;

8) ЭШФ АЖ әзірлеушісі - «Open Systems Development» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

9) Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторы, Тауарларды таңбалау операторы - «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы;

10) «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы («ҰАТ» АҚ)

11) мемлекеттік кірістер органдары болып табылады.

 

 

3-тарау. Құқығы мен міндеттері

 

8. Субъектілер осы Қағидаларда белгіленген жағдайларда және мерзімде ТІЖ ресімдеуге міндетті.

9. Субъектілер мемлекеттік кірістер органдарынан ТІЖ ресімдеу мәселелері бойынша түсіндірме алуға құқылы.

10. Мемлекеттік кірістер органдары ТІЖ ресімдеу және виртуалды қоймада жұмыс істеу бөлігінде әдістемелік кеңестер беруге міндетті.

11. ЭШФ АЖ әзірлеушісі, Тауарларды таңбалау операторы және «ҰАТ» АҚ пилоттық жобаның қатысушыларына техникалық қолдау көрсетуге міндетті.

12. Пилоттық жобаның қатысушылары ​​«ТІЖ ресімдеу тәртібін жөнге келтіру бойынша ұсыныстар» деген белгімен esfsd@mgd.kz техникалық қолдаудың электрондық адресіне жіберу арқылы ТІЖ ресімдеу тәртібін жөнге келтіру бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.

 

4-тарау. Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды және олардың құжат айналымын ресімдеу тәртібі

 

13. ТІЖ-ді өнім беруші (әкелу кезінде - алушы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, «Виртуалды қойма» модулі арқылы мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ресімдейді, ЭЦҚ-мен қол қояды.

ЕАЭО шеңберіндегі транзиттік өткізулер кезінде ТІЖ-ді тасымалдаушы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында ЕАЭО мүше мемлекеттерімен қағаз тасымалдағышта ресімдейді.

Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімінің негізінде тыйым салынған мүлікті сату немесе пайдалануға беру кезінде ТІЖ-ді мемлекеттік мүлік және жекешелендіру саласындағы уәкілетті орган ресімдейді.

14. Таңбаланған тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында сату кезінде таңбалау кодтарын қабылдап алу/беру актісін ресімдеу ТІЖ ресімделгенге дейін жүзеге асырылады.

15. Таңбалануға жататын тауарлар бойынша виртуалды қоймада тауарлардың қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында ЭШФ АЖ-де ТІЖ-ді ресімдеу үшін Таңбалау операторы ТТҚ АЖ-де тіркелген мынадай мәліметтерді қамтитын құжаттар бойынша ақпараттың беруін қамтамасыз етеді:

қабылдап алу/беру актісінің және тауарларды Қазақстан Республикасына әкелу туралы хабарламаның тіркеу нөмірі және күні;

жөнелтушінің/алушының ЖСН/БСН;

тауар коды - GTIN;

тұтыну орамдарының саны;

тауардың өлшем бірлігінің саны.

Таңбаланатын және таңбаланбайтын тауарлар бойынша ТІЖ бөлек жазылады.

Бір тұлға шеңберінде жылжытатын таңбаланатын тауарлар бойынша ТІЖ қабылдап алу/беру актісіз ресімделеді.

16. Қазақстан Республикасының аумағына таңбалануға жататын тауарларды әкелу кезінде тауарларды Қазақстан Республикасына әкелу туралы хабарламаны ресімдеу және тіркеу ТТҚ АЖ-да импортқа арналған ТІЖ ресімдегенге дейін жүзеге асырылады.

17. ТІЖ, салық төлеушінің ТІЖ-ді қағаз тасымалдағышта ресімдеу құқығы бар мынадай жағдайларды қоспағанда, электрондық түрде ресімделеді:

1) салық төлеушінің орналасқан жерінде Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің шекараларында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінің болмауы.

Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат ҚР ҚМ МКК интернет-ресурсында орналастырылады;

2) техникалық қателіктерге байланысты ЭШФ АЖ-да ТІЖ ресімдеудің мүмкін еместігі туралы ақпарат ҚР ҚМ МКК интернет-ресурсында расталған жағдайда.

18. Қағаз тасымалдағышта ресімделген ТІЖ үш жұмыс күні ішінде ЭШФ АЖ-ға енгізілуге тиіс:

1) ТІЖ-ді тауарлар бойынша, виртуалды қоймадағы қалдықтардан және/немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар бойынша қағаз тасымалдағышта ресімдеген жағдайда, ЭШФ АЖ-дағы техникалық қателіктер жойылған күннен бастап;

2) виртуалды қоймада жоқ және қағаз тасымалдағыштағы ТІЖ бойынша алынған тауарлар бойынша ТІЖ ресімделген жағдайда, өнім беруші ЭСФ АЖ-ға қағаз ТІЖ-ді енгізген күннен бастап.

19. ТІЖ ресімделген болып саналады, егер:

1) ТІЖ Қазақстан Республикасының салық заңнамасында және электрондық құжат пен электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келсе;

2) ТІЖ-ге қағаз тасымалдағышта ресімделген ТІЖ-ді қоспағанда, ЭШФ АЖ-да тіркеу нөмірі берілсе;

3) ТІЖ қағаз тасымалдағышта осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тіркелсе.

20. Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері жоқ және ҚР ҚМ МКК интернет-ресурсында орналасқан, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінде тіркелген салық төлеушілер бойынша ТІЖ қағаз ТІЖ тіркеу журналын жүргізе отырып, қағаз тасымалдағыштағы ТІЖ-ді ресімдеуге міндетті.

21. ТІЖ түпнұсқасы (телнұсқасы) - бұл ЭШФ АЖ-да бар электрондық құжат, сондай-ақ салық төлеушінің орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің шекараларында және ЕАЭО шеңберіндегі транзиттік өткізулер кезінде ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі болмаған кезде ресімделген қағаз тасымалдағыштағы ТІЖ.

22. Қағаз тасымалдағыштағы ТІЖ-де өнім беруші (әкелу кезінде - алушы, ЕАЭО шеңберіндегі транзиттік өткізулер кезінде - тасымалдаушы) толтырған деректемелер көрсетіледі.

23. ТІЖ-дің жекелеген ашық жолдары, егер ТІЖ құрылымының техникалық сипаттамасында мұндай ашық жолдарының белгілері болса, толтырылмайды:

1) «толтыруға міндетті емес ашық жол»;

2) «шартты - міндетті ашық жол» және міндетті түрде толтырудың шарттары туындамайды.

ТІЖ құрылымының техникалық сипаттамасы ҚР ҚМ МКК интернет-ресурсында жарияланады және ЭШФ АЖ-де ТІЖ қабылдау және өңдеу кезінде ескеріледі.

24. ТІЖ:

1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша, оның ішінде ЕАЭО мүше мемлекеттер арасында халықаралық автомобиль көлігімен жүзеге асырылатын тауарларды өткізу, сату және (немесе) тиеп жөнелту кезінде;

2) тауарларды ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде;

3) тауарларды ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде;

4) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағына әкеткен кезде;

5) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына әкеткен кезде;

6) ЕАЭО шеңберінде транзиттік өткізулерді жүзеге асыру кезінде ресімделуге жатады.

25. ТІЖ мынадай кедендік рәсімдер бойынша ресімделеді:

1) виртуалды қоймаға ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен ресімделген тауарларға арналған декларация келіп түскеннен кейін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін шетелдік тауарларға қатысты (коды 40);

2) тауарлар экспорт кедендік рәсімімен орналастырылғанға дейін Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін ЕАЭО тауарларға қатысты (коды 10);

3) тауарлар кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылғанға дейін бұдан бұрын Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген шетелдік тауарларға қатысты (коды 31);

4) виртуалды қоймаға кері импорт кедендік рәсімімен ресімделген тауарларға арналған декларация келіп түскеннен кейін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген ЕАЭО тауарларына қатысты (коды 60);

5) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің және Қазақстан Республикасының аумағынан еркін экономикалық аймақтың аумағына әкелінетін ЕАЭО тауарларына қатысты (коды 78).

6) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Қазақстан Республикасының аумағынан еркін қойма аумағына әкелінетін ЕАЭО тауарларына қатысты (коды 77).

7) шетелдік тауарларды мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімімен орналастырғаннан (коды 94) және мемлекеттік мүлік және жекешелендіру саласындағы уәкілетті органға іс жүзінде берілгеннен кейін.

26. ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттердің; сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан еркін экономикалық аймақтың аумағына әкелген, еркін экономикалық аймақтың аумағында өткізген, сатқан, сондай-ақ еркін экономикалық аймақ аумағынан әкеткен жағдайда ТІЖ ресімделеді.

27. ТІЖ ресімдеу бойынша міндет мынадай мерзімде туындайды:

1) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткiзу, сату және (немесе) тиеп жөнелту кезiнде - тауарларды өткiзу, сату және (немесе) тиеп жөнелту басталған кезден кешiктiрмей;

2) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде:

ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттер аумағынан - кедендік тазарту жүргізілген тауарларды өткізу, сату басталған кезден кешіктірмей;

ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін;

3) тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына әкетілген кезде - тауарлардың өткізілуі, сатылуы және (немесе) тиеп жөнелтілуі басталған кезден кешіктірмей;

4) ЕАЭО шеңберінде транзиттік өткізулерді жүзеге асырған кезде - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде автомобиль өткізу пунктінде.

28. Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге өткізген кезде ТІЖ шетел валютасын ресімдеу мүмкін болған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында:

1) өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жасасқан (жасалған) тауарларды іске асыру бойынша мәмілелер (операциялар) бойынша;

2) Салық кодексінің 386, 446 және 449-баптарына сәйкес қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын экспортқа тауарларды іске асыру бойынша мәмілелер (операциялар) бойынша;

3) Салық кодексінің 393-бабының 3-тармағына сәйкес ҚҚС нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын іске асыру бойынша айналым бойынша ресімделеді.

29. Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде ТІЖ ұлттық валютада немесе, шот-фактурада (инвойста) көрсетілген валютада жазып беріледі.

30. ТІЖ алушы ЭШФ АЖ-де ТІЖ тіркелген күннен кейін күнтізбелік жиырма күн ішінде ЭШФ АЖ-де ТІЖ растауға немесе бас тартуға міндетті.

Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, қателерді түзету қажет болған жағдайда алушы тауарды қайтармай ТІЖ-нан бас тартады, бұл ретте өнім беруші ЭШФ АЖ-де түзетілетін ТІЖ тіркеу нөмірін көрсете отырып, түзетілген ТІЖ ресімдейді.

Алушы бұрын растаған ТІЖ бойынша тауарды қайтарған жағдайда, қайтаруға ТІЖ алушы ресімдейді, бұл ретте ЭШФ АЖ-де бұрын расталған ТІЖ тіркеу нөмірі көрсетіледі.

Алушы ауытқылған ТІЖ бойынша тауардан бас тартқан жағдайда, өнім беруші ауытқылған мәртебесімен ТІЖ арқылы тауарлардың жылжытуын жузеге асырады.

 

Алушы ТІЖ ауытқуы немесе растау алдында ТІЖ кері қайтарылған кезде тауардан бас тартқан жағдайда, өнім беруші кері қайтарылған мәртебесімен ТІЖ арқылы тауарлардың жылжытуын жузеге асырады.

Жаңа ТІЖ ресімделмей ТІЖ қайтарып алынуы мүмкін.

31. ТІЖ алғанын растау немесе бас тарту мерзімі бұзылған жағдайда ЭШФ АЖ-де осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды алуды немесе бас тартуды растау (растамау) мерзімдерінің бұзылуы туралы» хабарлама (бұдан әрі - Хабарлама) қалыптастырылады.

Алушының Хабарламаны алуы, сондай-ақ онымен танысуы ТІЖ алғанын растаудан немесе бас тартудан босатпайды.

32. Алушының ТІЖ растауы тауарларды экспортқа өткізген кезде талап етілмейді.

33. Алушының ТІЖ растауы этил спирті, алкоголь, темекі өнімдерінің, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері мен биоотын айналымы кезде талап етіледі.

34. Толық емес және (немесе) дұрыс емес деректерді көрсете отырып ресімделген ТІЖ, өнім берушінің (импорттау кезінде - алушы) мынадай мерзімде:

1) акцизделетін тауарлар бойынша, егер ТІЖ алушы растамаған немесе бас тартпаған жағдайда, ТІЖ ресімдеген күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде;

2) басқа тауарлар бойынша, егер ТІЖ алушы растамаған немесе бас тартпаған жағдайда, ТІЖ ресімдеген күннен кейінгі күнтізбелік жиырма күн ішінде жоюына немесе кері қайтарып алуына жатады.

35. Осы Қағидалардың 36, 37, 38 тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда бөлшек сауда кезінде ТІЖ ресімделмейді.

36. Салық төлеуші өткізілген тауарлар бойынша бір күн бұрын:

1) сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегін ұсына отырып, қолма-қол ақшамен және (немесе) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары арқылы;

2) төлем карточкаларын пайдаланып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдана отырып жүзеге асырылған есеп айырысулар бойынша тауарларды алушының сәйкестендіру нөмірін көрсетусіз өткізу күнінен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей ТІЖ ресімдеуді жүргізуге құқылы.

ТІЖ ресімдеу кезінде «Алушының санаты» бөлімінде «Бөлшек сауда» белгісі қойылып, бөлшек сауда кәсіпорны болып табылатын тауарды алушының сәйкестендіру нөмірін белгіленбейді.

Бұл ретте тауарлар бақылау-касса машинасының чегін ұсына отырып қолма-қол ақшамен және (немесе) төлем терминалдары мен төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдер жасауға арналған жабдықтар арқылы жасалған төлемдер бойынша сату мерзімінен күнтізбелік он алтыншы күнде жеткізушінің виртуалды қоймасынан алынады.

37. Салық төлеуші өткізілген тауарлар бойынша:

1) сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегін ұсына отырып, қолма-қол ақшамен және (немесе) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары арқылы;

2) төлем карточкаларын пайдаланып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдана отырып жүзеге асырылған есеп айырысулар бойынша тауарларды алушының сәйкестендіру нөмірін көрсетусіз өткізу күнінен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей ТІЖ ресімдеуді жүргізуге құқылы.

ТІЖ ресімдеу кезінде «Алушының санаты» бөлімінде «Бөлшек сауда» белгісі қойылып, бөлшек сауда кәсіпорны болып табылатын тауарды алушының сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

38. Салық төлеуші бөлшек саудада бір күннін ішінде өткізілген тауарлар бойынша:

1) сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегін ұсына отырып, қолма-қол ақшамен және (немесе) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары арқылы;

2) төлем карточкаларын пайдаланып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдана отырып жүзеге асырылған есеп айырысулар бойынша;

3) сатып алынған талондар мен жанармай карталары бойынша ТІЖ ресімдемей өткізілген күннен кейінгі он бес күнінен кешіктірмейтін мерзімде виртуалдық қоймадан тауарлар қалдығын есептен шығару жүргізуге құқылы.

39. Салық төлеуші ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, виртуалдық қоймаға бастапқы ТІЖ бойынша есепке алынған:

1) ДСҰ Алып қою тізбесіне енгізілген және ЕАЭО мүше мемлекеттерге экспортқа өткізілетін тауарларды;

2) акцизделеттін тауарларды өткізуге ТІЖ ресімделетін тауарларды қоспағанда, өткізуге ТІЖ ресімдемей көрсетілген тауарларды виртуалдық қоймадан есептен шығару жүргізуге құқылы.

40. ЭШФ АЖ-де тіркелген ТІЖ ЭШФ АЖ-де бес жыл ішінде сақталады.

 

 

5-тарау. Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды толтыру тәртібі

   

41. «Жалпы бөлім» деген А бөлімінде мынадай деректер:

1) есепке алу жүйесінің ТІЖ тіркеу нөмірі – салық төлеушіні салықтық есепке алуда берілетін және тауарларды беруші дербес анықтайтын ТІЖ реттік нөмірі көрсетіледі;

2) жазып берген күні – ЭШФ АЖ автоматты түрде толтырады және ағымдағы күнтізбелік күнге сәйкес келеді;

3) тауарды тиеп жөнелту күні – қолмен толтырылады, ағымдағы күнге тең болуы немесе артық болуы тиіс. Бұл жол ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелуді қоспағанда, толтыруға міндетті болып табылмайды.

Бұл ретте, түзетілген ТІЖ тауарды тиеп жөнелту күні жойылатын түзетілетін ТІЖ көрсетілген тауарды тиеп жөнелту күні бойынша айқындалады.

4) тауар-көлік жүкқұжаты – жүкқұжаттың күні мен нөмірі:

ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарды әкелу;

ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына Қазақстан Республикасының аумағынан тауарды әкету;

ЕАЭО шеңберінде транзиттік өткізу кезінде көрсетіледі.

5) ТІЖ түзету – түзетілетін ТІЖ-ның ЭШФ АЖ-дегі тіркеу нөмірі көрсетіледі. Жойылғанның орнына ТІЖ жазып берген жағдайда толтырылады;

6) тауарды қайтару – алушы бұдан бұрын ТІЖ бойынша қабылданған тауарды қайтарылған жағдайда белгі қойылады. Бұл ретте В бөлімінде алушының деректемелері, ал С бөлімінде – өнім берушінің деректемелері, ал 6.1-жолда бұдан бұрын өнім беруші (импорттау кезінде - алушы) жазып берген ЭШФ АЖ-ғы ТІЖ тіркеу нөмірі көрсетіледі;

7) тауарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу – қажет болған кезде:

«7.2-7.5 қоспағанда, әкелу»;

«кері импорт»;

«қайта өңдеуге әкелу»;

«уақытша әкелу»;

«уақытша әкетілген тауарды әкелу»;

«тауарды әкелудің жоспарланған күні (күні, айы, жылы форматында)» - тауар Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы кесіп өткен кезде толтырылады;

«жоспарланған өткізу пункті» - тауар Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы кесіп өткен кезде толтырылады деген ұяшықта тиісті белгі қойылады.

8) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету - қажет болған кезде:

«8.2-8.5 қоспағанда, әкету»;

«кері экспорт»;

«қайта өңдеуге әкету»;

«уақытша әкету»

«уақытша әкелінген тауарды әкету»;

«тауарды әкетудің жоспарланған күні (күні, айы, жылы форматында)» -  тауар Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы кесіп өткен кезде толтырылады;

«жоспарланған өткізу пункті» тауар Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы кесіп өткен кезде толтырылады деген ұяшықта тиісті белгі қойылады.

9) тауарларды жылжыту - қажет болған кезде:

«Қазақстан Республикасының аумағында бір тұлға шегінде»;

«ЕАЭО шеңберінде бір тұлға шегінде»;

«ЕАЭО шеңберінде транзиттік өткізу кезінде;

«өзге де өткізу»  деген ұяшықта тиісті белгі қойылады.

10) акцизделетін тауарлар, мазут, авиациялық отын, биоотын (цифрлық таңбалауды қоспағанда) - қажет болған кезде:

«этил спирті»;

«шарап материалы»;

«сыра және сыра сусыны»;

«алкоголь өнімі (сыра және сыра сусынынан басқа)»;

«мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері»;

«биоотын»;

«темекі бұйымдары» деген ұяшыққа тиісті белгі қойылады.

11) экспорттық бақылауға жататын тауарлар (қосарлы мақсаттағы, әскери мақсаттағы) – экспорттық бақылауға (қосарлы мақсаттағы, әскери мақсаттағы) жататын тауарлармен операциялар жүзеге асырылған жағдайда белгі қойылады;

12) цифрлық таңбалау – қажет болған кезде ұяшыққа тиісті белгі қойылады.

13) ТІЖ-ның ЭШФ АЖ-гі тіркеу нөмірі – құжатты ЭШФ АЖ-де тіркеген кезде ЭШФ АЖ автоматты түрде толытырады. ЭШФ АЖ қатысушысының толтыруына және (немесе) түзетуіне арналмаған;

14) ТІЖ-дің ЭШФ АЖ-ғы тіркелген күні мен уақыты. Бұл жолды ЭШФ АЖ автоматты түрде толтырады және ағымдағы ресімдеу уақытына сәйкес келеді;

15) ТТҚ АЖ-де тауарларды қабылдап алу/беру актісі немесе әкелу туралы хабарлама – мәліметтер толтырылады - қажет болған кезде:

«электрондық» (егер тауарларды қабылдап алу/беру актісі немесе әкелу туралы хабарлама ТТҚ АЖ-де тіркелген жағдайда);

«қағазда» (егер тауарларды қабылдап алу/беру актісі немесе әкелу туралы хабарлама қағаз тасымалдағышта жазып берілген жағдайда);

тауарларды қабылдап алу/беру актісінің немесе әкелу туралы хабарламаның тіркеу нөмірі мен күні деген ұяшыққа тиісті белгі қойылады.

42. ТТҚ АЖ-де таңбалау кодтарын қабылдап алу/беру актісінің тіркеу нөмірі – мәліметтер ТТҚ АЖ-де құжатты тіркеу кезінде толтырылады. «Өнім берушінің деректемелері» В бөлімінде мынадай деректер көрсетіледі:

1) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) – өнім беруші енгізеді, импорт кезінде алушы енгізеді. Егер тауарларды өнім беруші/жөнелтуші бейрезидент болса, онда «бейрезидент» деген ұяшық белгіленеді;

2) өнім берушінің (жөнелтушінің) атауы;

3) құрылымдық бөлімшенің БСН;

4) қайта ұйымдастырылған тұлғаның БСН;

5) өнім берушінің санаты;

6) өнім беруші тіркелген елдің коды – «Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген 22-қосымшаға (бұдан әрі – Жіктеуіштің 22-қосымшасы) сәйкес Әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес тауарларды өнім беруші (жөнелтуші) елінің әріптік коды көрсетіледі;

7) жөнелту (тиеп жөнелту) елінің коды - Жіктеуіштің 22-қосымшасына сәйкес тауарларды өнім беруші (жөнелтуші) елінің әріптік коды көрсетіледі;

8) жөнелтудің (тиеп жөнелтудің) іс жүзіндегі мекенжайы. Этил спирті мен алкоголь өнімінің айналымы кезінде толтырылмайды;

9) жөнелту (тиеп жөнелту) қоймасының (ІD) сәйкестендіру нөмірі – салық төлеушінің ЭШФ АЖ-дегі ВҚ тіркеу нөмірі көрсетіледі. Тауарлардың импорты кезінде деректер толтырылмайды;

10) қосымша мәліметтер.

43. «Алушының деректемелері» деген С бөлімінде мынадай деректер көрсетіледі:

1) ЖСН/БСН. Егер тауарлар алушы бейрезидент болып табылса, онда «бейрезидент» деген ұяшық белгіленеді;

2) алушының атауы;

3) құрылымдық бөлімшенің БСН;

4) қайта ұйымдастырылған тұлғаның БСН;

5) алушының санаты;

6) алушыны тіркеу елінің коды - Жіктеуіштің 22-қосымшасына сәйкес тауарларды алушы елінің әріптік коды көрсетіледі;

7) жеткізіп беру (жеткізу) елінің коды - Жіктеуіштің 22-қосымшасына сәйкес тауарларды алушы елінің әріптік коды;

8) жеткізіп берудің (жеткізудің) іс жүзіндегі мекенжайы көрсетіледі. Этил спирті мен алкоголь өнімінің айналымы кезінде толтырылмайды;

9) жеткізіп беру (жеткізу) қоймасының (ІD) сәйкестендіру нөмірі;

10) қосымша мәліметтер.

44. «Жүк жөнелтушінің және жүк алушының деректемелері» деген D бөлімінде мынадай деректер көрсетіледі:

«Жүк жөнелтуші» - оның атынан жүк жөнелтуі ресімделетін тұлға:

1) ЖСН/БСН. Егер жүк жөнелтуші бейрезидент болып табылса, онда «бейрезидент» деген ұяшық белгіленеді;

2) жүк жөнелтушінің атауы;

3) жөнелту елінің коды Жіктеуіштің 22-қосымшасына сәйкес жүк жөнелтуші елінің әріптік коды көрсетіледі;

«Жүк алушы» - шарттың негізінде немесе өзге де заңды негіздерде жүк алуға уәкілетті тұлға:

1) ЖСН/БСН. Егер жүк алушы бейрезидент болып табылса, онда «бейрезидент» деген ұяшық белгіленеді;

2) жүк алушының атауы;

3) жеткізу елінің коды – Жіктеуіштің 22-қосымшасына сәйкес жүк алушы елінің әріптік коды көрсетіледі.

45. «Қосымша мәліметтер» деген D1 бөлімінде мынадай деректер:

1) жүк жөнелтушінің қосымша мәліметтері;

2) жүк алушының қосымша мәліметтері көрсетіледі.

46. «Тасымалдау бойынша деректемелер» деген Е бөлімінде мынадай деректер:

1) тасымалдаушы. Егер тасымалдаушы бейрезидент болып табылса, онда «бейрезидент» деген ұяшық белгіленеді;

2) ЖСН/БСН;

3) жоспарланатын көлік туралы мәлімет - көлік түрі (көрсетілетін тізімнен таңдап алынады) көрсетіледі.

47. «Тауар жеткізуге шарт (келісімшарт)» деген F бөлімінде мынадай деректер көрсетіледі:

1) шарт (келісімшарт) немесе шартқа қосымша. Қажет болған кезде белгі қойылады және тауар жеткізуге шарттың (келісімшарттың) немесе шартқа қосымшаның нөмірі көрсетілетін «Нөмір» және тауар жеткізуге шарттың (келісімшарттың) немесе шартқа қосымшаның күні (күні, айы, жылы форматында) көрсетілетін «Күні» деген жолдар толтырылады;

2) шартсыз (келісімшартсыз) – шарт (келісімшарт) болмаған жағдайларда;

3) шарт бойынша төлеу талабы – тауарларды жеткізуге арналған шартқа (келісімшартқа) сәйкес төлеу талабы көрсетіледі;

4) жеткізу шарттары (Инкотермс) – дәстүрге, оның ішінде іскерлік айналымдағы дәстүрге сәйкес халықаралық шарттар үшін Жіктеуіштің 13-қосымшасына сәйкес бас әріптермен латын шрифтімен үш мәнді әріптік коды көрсетіледі (Инкотермс)).

48. «УСД/ӨБК шеңберіндегі шарт (келісімшарт)» деген F1 бөлімінде мынадай деректер:

«Өнім берушінің»:

1) нөмірі (шарт/келісімшарт нөмірі көрсетіледі);

2) шарттың/келісімшарттың күні (күні, айы, жылы форматында);

«Алушының»:

1) нөмірі (шарт/келісімшартнөмірі көрсетіледі);

2) шарттың/келісімшарттың күні (күні, айы, жылы форматында) көрсетіледі;

«Валюта коды» - анықтамалықтан таңдап алынады;

«Валюта бағамы» - ТІЖ ресімдеу күніне валюта бағамы көрсетіледі.

49. «Тауарлар бойынша деректер» деген G1 бөлімінде мынадай деректер:

1) тауарлардың әрбір атауы бойынша жолдың реттік нөмірі;

2) тауардың шығарылған жерінің белгісі (анықтамалықтан таңдап алынады);

3) тауарлар атауы;

4) тауар коды (ЕАЭО СЭҚ ТН) – Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) коды;

5) өлшем бірлігі;

6) саны (көлемі);

7) тауар бірлігі үшін баға - ҚҚС және акциз есепке алусыз шарт (келісімшарт) бойынша өлшем бірлігі үшін тауардың бағасы көрсетіледі;

8) жанама салықтарсыз тауардың құны - ҚҚС пен акциз есепке алусыз тауарлардың барлық санының (көлемінің) құны көрсетіледі. Аталған жолды ЕАЭО-тың шеңберінде әкелуді және әкетуді, транзиттік өткізуді қоспағанда, толтыруға міндетті емес;

9) акциз мөлшерлемесі - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес акциз мөлшерлемесі көрсетіледі. Аталған жолды толтыруға міндетті емес;

10) акциз сомасы - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген акциз сомасы көрсетіледі. Аталған жолды толтыруға міндетті емес;

11) өткізу бойынша (салық салынатын/салық салынбайтын айналым) айналым мөлшері. Аталған жолды толтыруға міндетті емес;

12) салық салынатын импорт мөлшері. Аталған жолды толтыруға міндетті емес;

13) ҚҚС мөлшерлемесі - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ҚҚС мөлшерлемесі көрсетіледі. Аталған жолды толтыруға міндетті емес;

14) ҚҚС сомасы - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген ҚҚС көрсетіледі. Аталған жолды толтыруға міндетті емес;

15) жанама салықтармен тауардың жалпы құны - ҚҚС пен акцизді есепке ала отырып, тауарлардың барлық санының (көлемінің) құны көрсетіледі. Аталған жолды толтыруға міндетті емес;

16) тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін тауарлардың шығарылуы туралы өтініштің, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің, тауардың шығарылу сертификатының (СТ-1), тауардың шығарылу сертификатының (СТ- KZ), ТІЖ нөмірі;

17) тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін тауарлардың шығарылуы туралы өтініштен, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштен немесе тауарларға арналған декларациядан,  ТІЖ-ден тауар позициясының нөмірі көрсетіледі.

ЕАЭО-қа мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу кезінде 16,17-бағандар толтырылмайды.

Бұл ретте, ЕАЭО-қа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарларды одан әрі өткізу кезінде 16-17-бағандарда ДСҰ Алып қою тізбесіне енгізілген тауарларды ЕАЭО-қа мүше мемлекеттерге экспортқа өткізу, ол кезде көрсетілген бағандарда тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің тіркеу нөмірі және өтініштен тауардың нөмірі көрсетілетін жағдайларды қоспағанда, ТІЖ тіркеу нөмірі және ТІЖ-ден тауар позициясының нөмірі көрсетіледі.

18) ЭШФ АЖ-ғы тауардың сәйкестендіргіші;

«Барлығы» деген жолда 6, 8, 10, 11, 12, 14 және 15-бағандары бойынша жолдардың жалпы сомасы көрсетіледі.

50. «Алкоголь өнімі бойынша деректер» деген бөлімде мынадай мәліметтер:

өнім беруші лицензиясының нөмірі (В бөлімнің 16-жолында көрсетілген деректерді енгізген кезде қалыптастырылған тізімнен таңдап алынады);

лицензия бойынша өнім берушінің мекенжайы (В бөлімнің 16-жолында көрсетілген деректерді енгізген кезде қалыптастырылған тізімнен таңдап алынады);

алушы лицензиясының нөмірі (С бөлімнің 26-жолында көрсетілген деректерді енгізген кезде қалыптастырылған тізімнен таңдап алынады);

лицензия бойынша алушының мекенжайы (С бөлімнің 26-жолында көрсетілген деректерді енгізген кезде қалыптастырылған тізімнен таңдап алынады) көрсетіледі.

51. «Этил спирті» деген G2 бөлімінде мынадай деректер көрсетіледі:

операция коды (ЭШФ АЖ анықтамалығынан таңдап алынады);

1) 1, 2, 5, 8, 10 - 19-бағандар осы Қағидалардың 34-тармағына сәйкес толтырылады;

2) ПИН-код (дербес сәйкестендіру коды (бұдан әрі – ПИН-код) (ПИН-кодтар анықтамалығынан таңдап алынады);

3) этил спиртінің түрі, атауы;

4) саны (литрде);

5) литр үшін баға - теңгеде көрсетіледі, импорт кезінде шот-фактура (инвойс) бойынша көрсетіледі, олар болмаған кезде сыртқы экономикалық мәміле жасауды растайтын құжат бойынша көрсетіледі;

6) күштілігі (құрамындағы спирт пайызы - %).

52. «Шарап материалы» деген G3 бөлімінде мынадай деректер көрсетіледі:

1) 1, 2, 5, 8 - 18-бағандар осы Қағидалардың 34-тармағына сәйкес толтырылады;

2) ПИН-код (ПИН-кодтар анықтамалығынан таңдап алынады);

3) шарап материалының түрі, атауы;

4) саны (литрде);

5) литр үшін баға - теңгеде көрсетіледі, импорт кезінде шот-фактура (инвойс) бойынша көрсетіледі, олар болмаған кезде сыртқы экономикалық мәмілені жасауды растайтын құжат бойынша көрсетіледі.

«Сыра және сыра сусындары» деген G4 бөлімінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

операция коды (анықтамалықтан таңдап алынады):

1) 1, 2, 5, 12 - 22-бағандар осы Қағидалардың 34-тармағына сәйкес толтырылады;

2) сыра және сыра сусындарының атауы;

3) өнім түрі;

4) ыдыстың сыйымдылығы (литрде);

5) өлшем бірлігі (шөлмектер, банкілер, кегтер, қаптамалар);

6) саны (шөлмектердің, банкілердің, кегтердің данада);

7) құптамадағы шөлмектердің, банкілердің саны;

8) саны (литрде);

9) тауар бірлігі үшін баға - өнім беруші енгізген сыра және сыра сусындарына арналған бір шөлмектің, банкінің, кегтің (теңгеде көрсетіледі) бағасы көрсетіледі (импорт кезінде шот-фактура (инвойс) бойынша көрсетіледі), олар болмаған кезде сыртқы экономикалық мәміленің жасалғанын растайтын құжатты алушы енгізеді.

 «Алкоголь өнімі (сыра және сыра сусындарынан басқа)» деген G5 бөлімінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

операциялардың коды (анықтамалықтан таңдалады);

1) 1, 2, 5, 11, 13, 15 - 23-бағандар осы Қағидалардың 34-тармағына сәйкес толтырылады;

2) ПИН-код (ПИН-кодтар анықтамалығынан таңдалады);

3) тауарлардың атауы;

4) өнімдердің түрі (ПИН-код енгізген кезде ЭШФ АЖ автоматты түрде қояды);

5) ыдыстың сыйымдылығы (литрмен) (ПИН-код енгізген кезде ЭШФ АЖ автоматты түрде қояды);

6) саны (шөлмек);

7) мөлшері (литрмен);

8) тауар бірлігі үшін баға – бір бөтелкенің бағасын өнім беруші теңгеде енгізеді (импорттау кезінде баға шот-фактура (инвойс) бойынша көрсетіледі), олар болмаған кезде сыртқы экономикалық мәміленің жасалғанын растайтын құжат;

9) қуаттылығы (құрамындағы спирт пайызы - %);

10) қосымша акциз мөлшерлемесі – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қосымша акциз мөлшерлемесі көрсетіледі. Аталған жолды толтыру міндетті емес.

53. «Мұнай өнімдері бойынша деректер» деген G6 бөлімде мынадай деректер көрсетіледі:

операциялардың коды (анықтамалықтан таңдалады);

өнім берушінің түрі (көрсетілген тізімнен өнім беруші түрінің бірі таңдалады);

мемлекеттік кірістер органдарына (бұдан әрі – МКО) жөнелту (тиеп жөнелту) мекенжайының коды;

МКО жеткізу (жеткізу) мекенжайының коды;

1) 1, 2, 5, 11 - 21-бағандар осы Қағидалардың 34-тармағына сәйкес толтырылады;

2) Пин-код (Пин-кодтар анықтамалығынан таңдалады);

3) мұнай өнімінің түрі, маркасы ПИН-кодты енгізген кезде ЭШФ АЖ автоматты түрде қойылады;

4) тауардың өлшем бірлігі (тонна, литр);

5) тауардың өлшем бірлігінің бағасы;

6) ыдыстағы тауарды тоннамен өлшеу саны (бөлшек сауда үшін литрмен);

7) ыдыстардың саны (данамен). Мұнай өнімін құбыр арқылы тасымалдау кезінде аталған жолды толтыру міндетті емес;

8) тоннамен тауардың саны (бөлшек сауда үшін литрмен).

54. «Биоотын бойынша деректер» деген G7 бөлімде мынадай деректер көрсетіледі:

операциялардың коды (анықтамалықтан таңдалады);

өнім берушінің түрі (көрсетілген тізімнен өнім беруші түрінің бірі таңдалады);

МКО жөнелту (тиеп жөнелту) мекенжайының коды;

МКО жеткізу (жеткізу) мекенжайының коды;

1) 1, 2, 4, 9 - 19-бағандар осы Қағидалардың 34-тармағына сәйкес толтырылады;

2) тауардың шығарылған жерінің белгісі (анықтамалықтан таңдалады);

3) биоотынның атауы;

3) ыдыстағы өнімнің саны (тоннада);

4) ыдыстардың саны (данамен). Биоотынды құбыр арқылы тасымалдау кезінде аталған жолды толтыру міндетті емес;

5) саны (тоннамен);

6) бір тонна үшін тауардың бағасы.

55. «Темекі өнімдері бойынша деректер (цифрлық таңбалауды қоспағанда)» деген G8 бөлімде мынадай деректер көрсетіледі:

операциялардың коды (анықтамалықтан таңдалады);

МКО жөнелту (тиеп жөнелту) мекенжайының коды;

МКО жеткізу (жеткізу) мекенжайының коды;

1) 1, 2, 5, 13 - 24-бағандар осы Қағидалардың 34-тармағына сәйкес толтырылады;

2) Пин-код (Пин-кодтар анықтамалығынан таңдалады);

3) темекі өнімінің атауы;

4) өлшем бірлігі (құты, блок, қорап, дана, килограмм, миллилитр);

5) тауар бірлігі үшін баға – шарт валютасында көрсетіледі;

6) саны (құты, блок, қорап, дана, килограмм, миллилитр);

7) қорап саны (данамен);

8) блоктарының, оның ішінде қораптағы саны;

9) қораптардың, оның ішінде блоктардағы саны;

10) темекі өнімінің қораптағы саны (дана, килограмм, миллилитр).

56. G1-G9 бөлімдерде «GTIN» және «Қосымша ақпарат» жолдары толтыруға міндетті емес, бірақ бір СЭҚ ТН ішінде тауарларды кейіннен сәйкестендіру үшін толтыру үшін ұсынылады.

«Сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға жататын тауарлар бойынша деректер (цифрлық таңбалау)» деген G9 бөлімде мынадай деректер көрсетіледі:

1) тауар коды (GTIN);

2) 1, 2, 5, 9 - 19-бағандар осы Қағидалардың 34-тармағына сәйкес толтырылады;

3) тауардың атауы;

4) тауарлардың тұтыну орамының саны;

5) тауар бірлігі үшін баға.

57. «Экспорттық бақылауға жататын тауарлар (қосарлы мақсаттағы, әскери мақсаттағы) бойынша деректер» деген G11 бөлімде мынадай деректер көрсетіледі:

1) 1, 2, 7, 11 - 21-бағандар осы Қағидалардың 34-тармағына сәйкес толтырылады;

2) құжаттың нөмірі (лицензия/рұқсат);

3) берілген күні (лицензия/рұқсат);

4) аяқталған күні (лицензияның/рұқсаттың аяқталу мерзімі);

5) өлшем бірлігі;

6) саны (көлемі);

7) тауар бірлігі үшін баға - шарт валютасында көрсетіледі;

«Тауарды жіберу бойынша мәліметтер» деген L бөлімде мынадай деректер көрсетіледі:

1) тауарды жіберуді жүргізген – іс жүзінде тауарды жіберуді жүргізген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

2) заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) немесе жеке кәсіпкердің не жеке практикамен айналысатын тұлғаның ЭЦҚ;

3) ТІЖ қол қоюға уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ;

4) ТІЖ жазып берген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

5) тауарды жіберу сенімхат бойынша жүзеге асырылады - нөмірі мен күні (күні, айы, жылы форматында) көрсетіледі.

58. «Тауарды қабылдау туралы мәліметтер» деген М бөлімде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

1) тауарды қабылдауды/бас тартуды жүргізген – іс жүзінде тауарды қабылдауды/бас тартуды жүргізген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) ;

2) тауар қабылданған/бас тартылған күн (күні, айы, жылы форматында);

3) заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) немесе жеке кәсіпкердің не жеке практикамен айналысатын тұлғаның ЭЦҚ;

4) ТІЖ растауға/бас тартуға уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ;

5) ТІЖ растаған/бас тартқан тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

6) тауарды қабылдау сенімхат бойынша жүзеге асырылады - нөмірі мен күні (күні, айы, жылы форматында) көрсетіледі.

Осы бөлім мынадай жағдайларда толтыруға жатпайды:

1) осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген жағдайларда;

2) Қазақстан Республикасының аумағында өткізуден басқа, бір тұлға шегінде өткізген кезде.

 

 

6-тарау. Мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде ТІЖ ресімдеу ерекшеліктері

 

59. Мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде лизинг беруші лизинг үшін қойма жасайды.

60. Мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде лизинг беруші лизингке арналған қоймаға өткізу үшін ТІЖ ресімдейді.

61. Мүлік қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг алушының міндеттемелері аяқталғанға дейін лизингке арналған қоймада болуы тиіс.

62. Қаржы лизингі шарты бойынша лизинг алушының міндеттемелері аяқталғаннан кейін лизинг беруші мүлікті лизингке арналған қоймадан лизинг алушының виртуалды қоймасына көшіру үшін ТІЖ ресімдейді.

 

 

7-тарау. Қайта өңдеуге арналған тауарларды беру кезінде ТІЖ ресімдеу ерекшеліктері

 

63. Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу кезінде шикізаттың өнім берушісі қайта өңдеушінің сәйкестендіру деректерін көрсетумен алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған қойма жасайды.

64. Өнім беруші шикізатты қайта өңдеуге тапсырған кезде, алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша қоймаға шикізат жылжыту үшін арналған ТІЖ ресімдейді.

65. Қайта өңдеуші алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша қоймадан өндіріске шикізатты есептен шығарады.

66. Дайын өнімді өнім берушіге берген кезде қайта өңдеуші дайын өнімді алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша қоймаға «Қалдықтарды енгізу» формасымен енгізіледі.

67. Дайын өнімнің өнім берушісі алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша қоймадан тиеп жөнелту үшін ТІЖ ресімдейді.

 

 

8-тарау. Көлік құралын пайдалана отырып, тауарларды өткізу кезінде ТІЖ ресімдеу ерекшеліктері

 

68. Көлік құралын пайдаланумен тауарларды өткізу кезінде өнім беруші мемлекеттік нөмірін міндетті түрде көрсетумен әр көлік құралына арналған мобильді қойма жасайды.

69. Тауарларды негізгі қоймадан мобильді қоймаға ауыстыру үшін өнім беруші бір тұлғаның шеңберінде ТІЖ ресімдейді.

70. Өнім беруші таңбаланған тауарларды өткізген кезде ТТҚ АЖ-де Таңбалау кодтарын қабылдап алу/беру актісін ресімдейді.

71. Өнім беруші мобильді қоймадан алушының виртуалды қоймасына өткізілген тауарлар бойынша таңбалау кодтарын қабылдап алу/беру актісінің тіркеу нөмірін міндетті түрде көрсетумен өткізу күнінен кейінгі күннен кешіктірмей ТІЖ ресімдейді.

72. ТІЖ тауарларды алушы ТТҚ АЖ-де таңбалау кодтарын қабылдап алу/беру актісі бойынша тауарды нақты қабылданғаннан кейін растайды.

73. Егер тауарларды бір мобильді қоймадан екінші мобильді қоймаға ауыстыру қажет болған жағдайда, ТІЖ ресімделеді.

 

 

9-тарау. ЕАЭО шеңберінде транзиттік өткізулер кезінде ТІЖ ресімдеу ерекшеліктері

 

74. ЕАЭО шеңберіндегі транзиттік өткізулер кезінде ТІЖ қағаз тасымалдағышта ресімдеуді тасымалдаушы Қазақстан Республикасының ЕАЭО мүше мемлекеттерімен Мемлекеттік шекарасында жүзеге асырады.

75. Қазақстан Республикасының аумағына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында орналасқан автомобильді өткізу пунктінде ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан кірген кезде, тасымалдаушы қағаз тасымалдағышта ТІЖ ресімдеуге және көрсетілген ТІЖ-ден мәліметтердң ЭШФ АЖ-ға енгізу және оған қолы мен мөрін қою үшін мемлекеттік кірістер органының уәкілетті тұлғасына беруге міндетті.

76. Осы Қағидалардың 61-тармағында көрсетілген іс-қимылдардың аяқталуы бойынша мемлекеттік кірістер органдарының уәкілетті тұлғасы тасымалдаушыға ТІЖ қайтарады.

77. Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағына шыққан кезде тасымалдаушы осы Қағидалардың 61-тармағында көрсетілген ТІЖ-ді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында орналасқан автомобильді өткізу пунктіндегі мемлекеттік кірістер органдарының уәкілетті тұлғасына тапсыруға міндетті.

78. ЕАЭО шеңберіндегі транзиттік өткізулер кезінде Қазақстан Республикасының аумағын кесіп өту мерзімі күнтізбелік жиырма күнді құрайды.

79. Жүктің межелі пункті өзгерген жағдайда, тасымалдаушы Қазақстан Республикасының аумағындағы жаңа межелі пункте түсіргеннен кейін, түсірілгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 61-тармағында көрсетілген ТІЖ түпнұсқасын, тауарларды нақты алушы туралы мәліметтерді көрсете отырып, тауарларды қабылдап алу-беру актісін жақын арадағы аумақтық мемлекеттік кірістер органына тапсыруға, сондай-ақ тауарларды алушы ресімдеген ТІЖ тіркеу нөмірін мемлекеттік кірістер органдарының уәкілетті тұлғасына хабарлауға міндетті.

80. Жүкті басқа автокөлік құралына қайта тиеген кезде ТІЖ түпнұсқасы автокөлік құралдарының жүргізушілері қол қойған қабылдап алу-беру актісі бойынша басқа автокөлік құралының тасымалдаушысына беріледі.

Бұл ретте қағаз тасымалдағыштағы ТІЖ-ді басқа автокөлік құралының тасымалдаушысы қайта ресімдеуі және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында орналасқан автомобильді өткізу пунктіндегі мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасына Қазақстан Республикасының аумағынан шығу кезінде табыс етуі тиіс.