- +Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
Жарияланған күні: 18.06.2020 15:48
Өзгертілген күні: 18.06.2020 15:51
БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 12 мамыр мен 1 желтоқсан аралығында өтетін "Түбіртекті талап ет — жүлдені ұтып ал" акциясы қайта жаңартылғанын хабарлайды. Оның қатысушысы болу үшін, "Wipon" тегін мобильді қосымшасын жүктеп, қажетті мәліметтерді толтырып, содан кейін өз сатып алуларының фискалдық түбіртектерін қосымшаға енгізе бастаңыз. Қосымшаны App Store және Play Market-тен таба аласыз.Түбіртекті жібергеннен кейін қатысушы 200 ден 5 000 теңгеге дейінгі сомаға телефон теңгерімі түрінде лезде жүлде ұтып алуға болады. Барлық жіберілген түбіртектер акцияның басты жүлдесі – 1 000 000 теңге ұтысына қатыса алады. Ұтыс ойынына сатушының БСН/ЖСН, чектің берілген күні мен уақыты, сомасы мен фискалдық белгісі (ФП, фискалдық түбіртек және т.б.) бар фискалдық түбіртектер ғана қатысады. Бұл ретте әрбір жіберілген түбіртек бір ұтыс билетіне теңестіріледі. Демек, түбіртектер көп жіберілген сайын, қатысушылар бір миллион ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.