Жарияланған күні: 02.04.2021 10:37
Өзгертілген күні: 02.04.2021 10:38

Уәкілетті экономикалық оператор (бұдан әрі – УЭО) деген кім, «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен (бұдан әрі – Кодекс) анықталған. Кодекстін 529 бабына сәйкес, УЭО-бұлҚазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген заңды тұлға. Бұл мәртебе ұйымға ЕАЭО-ға кіретін мемлекеттердің шекарасын кесіп өту кезінде жүктерді ресімдеудің оңайлатылған тәртібін пайдалануға мүмкіндік береді. УЭО ДСҰ стандарттарын сақтайды және тауарларды қауіпсіз тасымалдау принциптерін ұстанады.

Белгіленген үлгідегі куәлік ұйымның уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілгенін растау болып табылады.

Уәкілетті экономикалық операторлардың тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми интернет-бетінде kgd.gov.kz орналастырылады, сондай — ақ жалпы тізілім-Еуразиялық экономикалық одақтың сайтында eurasiancommission.org орналастырылады.

 

Уәкілетті экономикалық оператор сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру кезінде арнайы оңайлатуларды пайдаланады. Қандай кедендік операциялар мен бақылауға артықшылықтар қолданылады, УЭО куәлігінің түріне байланысты.

1-типті куәлік– оңайлату ЕАЭО барлық аумағында қолданылатын тауарларды тасымалдаумен байланысты;

2-типті куәлік – оңайлату мұндай куәлікті берген мүше мемлекеттің аумағында ғана қолданылатын тауарларды кедендік декларациялаумен және сақтаумен байланысты;

3-типті куәлік – 1 және 2-тип бойынша оңайлатулар кешені.

 

1 типті куәлік келесі арнайы оңтайландырулармен қолданылуға мүмкіндік береді:

1) бірінші кезектегі тәртіппен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарлардың келуімен, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарлардың кетуімен, кедендік декларациялаумен және тауарларды шығарумен байланысты кедендік операциялар жасау;

2) УЭО декларанты болатын тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді бермеу;

3) УЭО декларанты болатын тауарларды шығару кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді Кодекстің 195 және 196-баптарында көзделген ерекшеліктермен ұсынбау;

4) Кодекске сәйкес тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару;

5) бірінші кезектегі тәртіппен кедендік қарап-тексеру немесе кедендік жете тексеру нысанында тағайындалған жағдайда кедендік бақылау жүргізу;

6) кеден органдарының көлік құралдарының жүкжайларына (бөлікжайларына) немесе олардың бөліктеріне УЭО салған пломбаларды сәйкестендіру құралдары ретінде тануы. Мұндай пломбаларға қойылатын талаптарды Комиссия айқындайды;

7) УЭО тасымалдайтын тауарларға қатысты тауарларды тасымалдау маршрутының белгіленбеуі;

8) кедендік операцияларды жасаудың уақытын қысқартуға және тәртібін оңтайландыруға бағытталған кеден органдары жүргізетін пилоттық жобалар мен тәжірибелерге басым түрде қатысу;

9) УЭО болып табылатын тасымалдаушының, кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын (тасылатын) тауарларды қоспағанда, кедендік бақылаудағы және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарларды тиеуді, қайта тиеуді (ауыстырып тиеуді) және олармен өзге де жүк операцияларын, сондай-ақ осындай тауарларды тасымалдайтын халықаралық тасымалдау көлік құралдарын басқа көлік құралдарына, оның ішінде қызмет аймағында (өңірінде) тиісті операция жүзеге асырылатын кеден органының рұқсатынсыз немесе оны хабардар етпей, салынған пломбалар мен мөрлерді алып тастап ауыстыруды жүзеге асыру.

 

2 типтегі куәлік келесі арнаулы оңайлатуларды пайдалануға құқық береді:

1) УЭО тауарларын УЭО құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөлiктерiнде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) уақытша сақтау;

2) УЭО болып табылмайтын тұлғалардың УЭО құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөлiктерiнде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) уақытша сақтау;

3) УЭО құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөлiктерiнде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) құрылған кедендік бақылау аймағына тауарларды жеткізу, оларды мұндай кедендік бақылау аймағында орналастыру, мұндай құрылысжайларда, үй-жайларда (үй-жайлардың бөлiктерiнде) және (немесе) ашық алаңдарда (ашық алаңдардың бөліктерінде) кедендік бақылауды жүргізу және кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталуына байланысты кедендік операцияларды жасау;

4) УЭО құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөлiктерiнде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) кедендік бақылау жүргізу;

5) қызмет аймағында тауарлар орналасқан кеден органынан басқа кеден органында кедендік декларациялаумен және тауарларды шығарумен байланысты кедендік операцияларды жасау. Осы арнаулы оңайлатуды қолданған кезде көрсетілген кедендік операцияларды жасау тәртібін уәкілетті орган айқындайды;

6) бірінші кезектегі тәртіппен кедендік қарап-тексеру немесе кедендік жете тексеру нысанында тағайындалған жағдайда кедендік бақылау жүргізу;

7) Кодекске сәйкес айқындалған тәртіппен УЭО кеден органдары пайдаланатын сәйкестендіру құралдарын қолдануы;

8) УЭО декларанты болатын тауарларды шығару кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді осы Кодекстің 195 және 196-баптарында көзделген ерекшеліктермен бермеу;

9) Кодекстің 194 және 540-баптарына сәйкес тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару;

10) егер УЭО тауарлардың декларанты болса, Кодекстің 92-бабының 1-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын төлеу кейiнге қалдырылған кезде кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді бермеу.

 

3 типтегі куәлік УЭО 1 және 2 типті куәліктері бар УЭО үшін көзделген арнаулы оңайлатуларды пайдалануға құқық береді.