
Салық төлеушілер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жасалған «e-Salyq Azamat» мобильдік қосымшасын (App Store және Play Market жүктеп алуға болады) қолданушылар үшін тиімді.
E-salyq Azamat» мобильді қосымшасында келесі алынатын қызмет түрлері көрсетіледі:
- активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 нысаны) жалпы деларацияның бөлігі ретінде ұсынуға;
- салықтарды банк бөлімшелеріне бармай және комиссиясыз төлеуге;
- салық берешегін тексеру;
- артық төленген салықтарды есепке жатқызу;
- мүлікке, жерге және көлікке салықты тексеру және есептеу;
- салық обьектілерін қарау (жылжымайтын мүлік және көлік);
- жылжымайтын мүлік және көлік туралы ақпараттарға түзетуді еңгізу жайлы тапсырыс беру;
- жұмыс берушілермен жалақының есептелуін, табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің ұстау мөлшерін тексеру;
- мемлекеттік кіріс органдарының қызмет көрсету Орталықтарына баруын онлайн брондау.
«E-salyq Azamat» мобильді қосымшасында артық төлемді басқару сервисі іске асырылды.
Атап айтқанда, ол бір салықтан артық төлемді басқа салықтарға аудару арқылы жүзеге асырылады, сонымен қатар қаражатты банктік шотқа қайтаруға болады.