Жарияланған күні: 18.11.2021 18:56
Өзгертілген күні: 18.11.2021 19:08

Салық төлеушілер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жасалған «e-Salyq Azamat» мобильдік  қосымшасын (App Store және Play Market жүктеп алуға болады) қолданушылар үшін тиімді.

E-salyq Azamat» мобильді қосымшасында келесі алынатын қызмет түрлері көрсетіледі:

- активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 нысаны) жалпы деларацияның бөлігі ретінде ұсынуға;

- салықтарды банк бөлімшелеріне бармай және комиссиясыз төлеуге;

- салық берешегін тексеру;

- артық төленген салықтарды есепке жатқызу;

- мүлікке, жерге және көлікке салықты тексеру және есептеу;

- салық обьектілерін қарау (жылжымайтын мүлік және көлік);

- жылжымайтын мүлік және көлік туралы ақпараттарға түзетуді еңгізу жайлы тапсырыс беру;

- жұмыс берушілермен жалақының есептелуін, табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің ұстау мөлшерін тексеру;

- мемлекеттік кіріс органдарының қызмет көрсету Орталықтарына баруын онлайн брондау.

«E-salyq Azamat» мобильді қосымшасында артық төлемді басқару сервисі іске асырылды.

Атап айтқанда, ол бір салықтан артық төлемді басқа салықтарға аудару арқылы жүзеге асырылады, сонымен қатар қаражатты банктік шотқа қайтаруға болады.