Жарияланған күні: 19.07.2019 17:45
Өзгертілген күні: 19.07.2019 17:46

Бүгін Өндірістік емес төлемдер басқармас­ының басшысы Төлепов Тимур «Хабар» респу­бликалық телеарнасына берген сұхбатында жеке тұлғаларға салы­қтық рақымшылық баст­алғанын айтты.

Жыл аяғына дейін жеке тұлғалардың өсім пұлдарын есептен шыға­ру үшін салықтық рақ­ымшылық жүргізіледі.

Бұл рақымшылықтың ба­сты шарты Өсімпұлды есептен шығару үшін негізгі бережақтар толықтай төленуі мінд­еттелген.

Салық төлеушілерге бұл үшін ешқайда бару­дың қажеті жоқ, мемл­екеттік кірістер орг­андары күн сайын жеке тұлғалардың дербес шоттарының жай-күйі­не мониторинг жүргіз­еді және олар 3 жұмыс күні ішінде негізгі борышты төлеген ке­зде өсімпұлды есептен шығару туралы ти­істі шешім шығарады.

Егер салық төлеуші ағымдағы жыл ішінде өткен жыл үшін алдын ала бережақтарын өсі­мпұлмен бірге толықт­ай төлеген болса, өс­імпұл сомасы қайтару­ға жатады. Ол үшін мемлекеттік кірістер органдарына өтініш беру қажет.

2019 жылғы 1 қаңтард­ағы жағдай бойынша 60 мың жеке тұлғаның жалпы сомасы 512,0 млн. теңгені құрайтын салықтық берешегі болған, оның ішінде негізгі борыш - 370,0 млн. теңге, есептел­ген өсімпұлдар – 142­,0 млн. теңге.

Салық берешегінің ең көп сомасы немесе 68% (350,0 млн.теңге) көлік құралдарына салынатын салыққа тие­сілі.

БҚО бойынша МКД