
Бүгін Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Төлепов Тимур «Хабар» республикалық телеарнасына берген сұхбатында жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық басталғанын айтты.
Жыл аяғына дейін жеке тұлғалардың өсім пұлдарын есептен шығару үшін салықтық рақымшылық жүргізіледі.
Бұл рақымшылықтың басты шарты Өсімпұлды есептен шығару үшін негізгі бережақтар толықтай төленуі міндеттелген.
Салық төлеушілерге бұл үшін ешқайда барудың қажеті жоқ, мемлекеттік кірістер органдары күн сайын жеке тұлғалардың дербес шоттарының жай-күйіне мониторинг жүргізеді және олар 3 жұмыс күні ішінде негізгі борышты төлеген кезде өсімпұлды есептен шығару туралы тиісті шешім шығарады.
Егер салық төлеуші ағымдағы жыл ішінде өткен жыл үшін алдын ала бережақтарын өсімпұлмен бірге толықтай төлеген болса, өсімпұл сомасы қайтаруға жатады. Ол үшін мемлекеттік кірістер органдарына өтініш беру қажет.
2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 60 мың жеке тұлғаның жалпы сомасы 512,0 млн. теңгені құрайтын салықтық берешегі болған, оның ішінде негізгі борыш - 370,0 млн. теңге, есептелген өсімпұлдар – 142,0 млн. теңге.
Салық берешегінің ең көп сомасы немесе 68% (350,0 млн.теңге) көлік құралдарына салынатын салыққа тиесілі.
БҚО бойынша МКД