
Салық кодексінің талабына сәйкес, жеке тұлғалар үшін көлік құралдары салығын бюджетке төлеу мерзімі салықтық кезеңнің 31 желтоқсанынан кешіктірмейтін күн болып табылады. Және де, жеке тұлғалар салық төлеуді тұрақты тіркелген тұрғылықты жері бойынша жүргізеді.
Көлiк құралының меншiк иесi атынан иеліктен шығару құқығымен көлік құралын басқаруға арналған сенімхат негізінде сенім білдірілген болып табылатын жеке тұлғаның салықтық кезең үшін көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралы меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында орналасқан «Электрондық сервистар» / «Калькуляторлар» бөлімінде «Көлік құралдары салығы бойынша есеп-қисабы» сервисі арқылы 2018 жылдың көлік салығының сомасын есептеуге мүмкіндік қарастырылғанына назарларыңызды аударамыз.
2018 жылдың 1 қазанынан бастап салық заңнамасына енгізілген жаңа нормаға ерекше көңіл аударуды сұраймыз:
жеке тұлға 1 еселік айлық есептік көрсеткіштен астам көлемдегі салық берешектерін төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда жеке тұлғаға салық берешегі туралы хабарлама берілген күннен бастап отыз жұмыс күн өткеннен кейін салық органы жеке тұлғадан берешекті өндіру туралы салық бұйрығын шығарады;
- салық берешегі өтелмеген жағдайда салық органы салық бұйрығын мәжбүрлеп орындау үшін атқару органдарына жолдайды.
Бұл ретте салық қарыздарын өндіру кезінде сот орындаушының қызмет төлемақысы өндірілетін соманың 25 пайызын құрайды.
Бұл жағдайда жеке тұлғада салық берешегінен басқа қосымша шығындар туындайды, оған салық берешегімен қоса, сот орындаушысының пайыз төлемдерін төлеу қажет болады.
«Атқарушылық өндіріс және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның 33- бабының 1-тармағына сәйкес, егер борышкер атқарушылық құжаттағы жиырма айлықесептік көрсеткіштен астам сомаға талаптарды орындамаған кезде, сондай-ақ мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды үш айдан астам орындамаған кезде сот орындаушысы көрсетілген адамдардың Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға құқылы.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес шаралар алынып, әрбір өткізіп алынған күн үшін өсім ақы есептелетіндіктен жеке және заңды тұлғаларға өткен жылдардың салық берешектерін өтеуді, сонымен қатар көлік құралдары салығын уақытылы төлеу қажеттігін қаперлейміз.
БКО бойынша МКД