Жаңа Салық кодексінде жер қойнауын пайдалану саласының инвестициялық климатын жақсарту бойынша шаралар қарастырылған.
Ең біріншісі алынып тасталынды кейбір салық түрлері, атап кетсек:
- 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық түрінің коммерциялық табу бонусы күшін жояды. Бұған дейінгі Салық Кодексінің қолданыстағы тәртібіне сай бонус есептелуі және төленуі қажет етілген болатын. (10.12.2008жылғы Салық кодексінің 317-324 бабтары).
- 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлау қызметін жүзеге асыратын лицензиясы бар немесе ҚПҚ (қатты пайдалы қазбалар) өндірумен айналасатын жер қойнауын пайдаланушыларға тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем де күшін жойды, егер де бұл лицензия 2017жылдың 31 желтоқсанынан кейін берілген жағдайда және сол аумақта бұрын жер қойнауын пайдалануға құқық берілмеген жағдайда.
- 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлау жұмыстарын жүзеге асыратын және (немесе) қатты пайдалы қазбаларды өндірумен айналасатын жер қойнауын пайдаланушылар үшін үстем пайдасына салынатын салықтың күші жойылды.
- Теңіз және терең кен орындар үшін жер қойнауын пайдалануға баламалы салық енгізілген.
Бұл салық қосымша болып есептелмейді, жер қойнауын пайдаланушылардың баламалы тәсіл арқылы өздерінің салық төлеу бойынша міндеттемелерін орындау болып табылады:
- пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық;
- тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем;
- үстеме пайдаға салынатын салық;
- мұнайды экспортқа арналған рента салығы.
Қол қою бонусы бойынша
Қол қою бонусы толық көлемде төленеді:
- қол қою бонусы бюджетке салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық төлеуші конкурс жеңімпазы деп жарияланған күннен немесе жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей;
- пайдалы қатты қазбаларды геологиялық зерделеуге, барлауға немесе өндіруге арналған лицензиялар бойынша қол қою бонусы салық төлеушінің тұрған жеріндегі бюджетке осындай лицензия берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей;
- келісім шарт аумағы (жер қойнауы учаскесі) кеңейтілген кезде қол қою бонусы жер қонауын пайдалануға арналған келісімшартқа Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен осындай кеңейту туралы өзгерістер енгізілген күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей салық төлеушінің тұрған жеріндегі бюджетке төленеді.
Пайдалы қазбаларды өндіру салығы (ПҚӨС)
Бұрын пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы кең таралған пайдалы қазбалар оларды өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде анықталса, анықталған салық кезінде, пайдалы қазбалардың бекітілген көбейтілген мөлшеріне сай жүргізіледі.
Кәзіргі уақытта жаңа Салық Кодексінде кең таралған пайдалы қазбаларға және емдік балшыққа арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері өндірілген кең таралған пайдалы қазбалар және емдік балшық көлемінің бірлігі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын бір айлық есептік көрсеткіштің мөлшері негізге алына отырып есептеледі және мыналарды құрайды:
- шөгінді тау жыныстары: жұмыртастар мен қиыршық тас, қиыршық тас-құмды (құмды –қиыршық тасты) қоспа, құм және құмтастар, саз және сазды жыныстар (саздақ топырақ, алевролиттер, аргиллиттер, сазды тақта тастар), ас тұзы 0,04.
- емдік балшық 0,02.
Өлшем бірліктерге тек уәкілетті органға ұсынатын минералдық шикізат қорларының жиынтық балансы мен пайдаланылатын жер қойнауын зерттеу және пайдалану есептілігі қолданылды.
Жаңа мөлшерлеме пайдалы қазбаларды өндіруді есептеу кезінде салық есебінің 590.00 түрі бойынша 2018жылдың 1 тоқсанында қолданылады.
Салық салу бөлігіндегі өзгерістермен бірге пайдалы қазбаларды өндірушілер салықтық әкімшілендіру саласындағы жаңалықтарды да атап өту керек.
Қазіргі уақытта 30-ға жуық әлем дәстүрлі салық режімін бақылау түрінен салықтық тексеру тәсіліне, сенім принциптері негізінде, ашықтық және өзара тиімді ынтымақтастық –деңгейлес мониторингіге ауысты немесе ауысуда.
Осыған орай 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап деңгейлес мониторинг –ашықтық, еріктілік, кеңейтілген өзара ақпараттық іс –қимыл қағидаларына негізделген сенім енгізілуде.
Осы өзгерістер салық төлеушілердің өздерінің құжаттамалар есебіне қол жеткізу арқалы салық органының лауазымды тұлғаларына өз еріктерімен ұсынатын болады.
Салық заңдарын бұзушылықтар анықталу тәуекелдері кезінде салық органдарының лауазымды тұлғалары салық төлеушіге оларды жою жөніндегі ұсыныстарды толтырады және ұсынады.
Бұл ұсыныстарды орындау кезінде салық төлеушіге айыпұл санкцияларын және жүргізілетін салықтық тексеру (қылмыстық – іс жүргізу өндірісі жағдайларын қоспағанда) қолданылмайды.
Бұл салықтық тексерулердің санын қысқарта отырып, салық төлеушілердің салық органдарына деген сенімділік кіргізуге мүмкіндік береді және келесі жағдайда талаптарды болғызбайды.
Сонымен қатар, мұндай салық төлеушілерге автоматты түрде қосылған құн салығын қайтару (90%-ға дейін) қолданылады, және салық есептілігінің санын қысқарту ұсынылады.
Маңызды тағы бір артықшылығын атап өтсек, жеке-жеке салық төлеушілер үшін, олар деңгейлес мониторингіде тұратын болса –алдын –ала түсіндіру жүргізу.
Бүгінгі таңда салық органдары тіркелген фактілер бойынша салық заңнамасын қолдануды жүзеге асыру туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Өз кезегінде, деңгейлес мониторингке енгізілген салық төлеушілер, сондай –ақ, басым инвестициялық жобаларды іске асыратын салық төлеушілер, салық органдарынан жоспарланған мәмілелерге қатысты салық заңдарының қолданылуы жөнінде түсініктер ала алады.
Батыс Қазақстан облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаментінің
Қамералдық бақылау басқармасы