Жарияланған күні: 18.02.2021 13:03
Өзгертілген күні: 18.02.2021 13:04

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI ҚРЗ Заңының 45-1-бабы негізінде Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі.

         Декларация нысаны- «Активтер мен міндеттемелер туралы декларация» 250.00 нысаны.

          2021 жылы Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны кім тапсырады?

          2021 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны табыс ету жылының 1 қаңтарындағы декларация болып табылатын келесі тұлғалар тапсырады:

          - жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары;

          - мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғалар және олардың жұбайлары;

          - мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);;

          - «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық ҚРЗ және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «ОБ нарығы туралы» ҚРЗ сәйкес ұсыну міндеті жүктелген тұлғалар.

 

          Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс ету мерзімі:

          Қағаз тасығышта-2021 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей;

          Электрондық түрде-2021 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей.

 

           Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс ету тәсілдері:

           Электрондық түрде – «Салық төлеушінің кабинеті» Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы арқылы (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz), сондай-ақ eSalyk azamat мобильді қосымшалары арқылы.

           Қағаз жеткізгіште - мемлекеттік кіріс органдарына келу тәртібімен не пошта арқылы тапсырыс хатпен жіберіледі.

 

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны қайда тапсыру қажет:

Жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлерді және жеке практикамен айналысатын адамдарды қоспағанда, мысалы, мемлекеттік қызметшінің жұбайы (зайыбы)) тұрғылықты жері бойынша декларация тапсырады.

Жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар декларацияны орналасқан жері бойынша табыс етеді.

 

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсетілетін мәліметтер

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсету қажет:

1. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мүлік:

* жылжымайтын мүлік, жер учаскелері және (немесе) жер үлестері, әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзу кемелері, «өзен-теңіз» жүзу кемелері;

* көлік құралдары, арнайы техника және (немесе) тіркемелер;

* барлық банк салымдары бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомадағы Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банк шоттарындағы ақша;

* Қазақстан Республикасынан тыс құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі.

 

2. Қазақстан Республикасында да, одан тыс жерлерде де мүлік:

* тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлес;

* бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен жүргізілетін туынды қаржы құралдарын қоспағанда);

* инвестициялық алтын;

* зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;

* республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация табыс етілген жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен аспайтын сомада көрсетілетін қолма-қол ақша;

* Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың берешегін қоспағанда, міндеттемелердің немесе талаптардың туындауына негіз болып табылатын нотариат растаған (куәландырған) шарт немесе өзге де құжат болған кезде жеке тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешек) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешек);

* Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн болған кезде, осы мүліктің бірлігі үшін баға (құн) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда, жеке тұлғаның қалауы бойынша басқа мүлік көрсетілуі мүмкін. Мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге жататын мүлік, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге жататын мүлік басқа мүлікке жатпайды.

2021 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсырылғаннан кейін 2022 жылдан бастап кірістер мен мүлік туралы декларацияны жыл сайын ұсыну бойынша міндеттеме (270.00-нысан) пайда болады.

 

Салық кодексінің 356-бабының 1-тармағында төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын (бұдан әрі-ЖТС) есептеуді және бюджетке төлеуді жеке тұлға дербес жүзеге асыратыны көзделген.

Мұндай кірістерге мыналар жатады:

* Мүліктік кіріс (тұрғын үйді жалға беруден, мүлікті сату кезіндегі құн өсімінен);

* Қазақстан Республикасынан тыс көздерден алынған мүлікті сатудан жеке тұлғаның кірісі;

* Жеке тұлғаның мүлікті (ақшадан басқа) жарғылық капиталға салым ретінде беруі кезіндегі құн өсімінен түсетін кіріс;

* Талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс;

* Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі көздерден түсетін басқа да кірістер.

Кірістердің осы түрлері болған кезде жеке тұлғада ЖТС бойынша декларацияны (240.00-нысан) ұсыну бойынша міндеттемелер туындайды.

ЖТС бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына декларация табыс ету мерзімінен кейін 10 күннен кешіктірілмей мерзімі бойынша ЖТС төлеу және 10% ставканы қолдана отырып, есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей ұсынылады.