
Кеше түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Айман Қуанова мен мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің бас маманы Жанна Успанова "AQJAIYQ" аймақтық телеарнасы "Время вашего вопроса" бағдарламасының тікелей эфирінде жеке тұлғаларға арналған салықтық рақымшылық басталғаны, сонымен қатар шағын және орта бизнес үшін салықтық рақымшылық жасау барысы туралы айтып берді.
Жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жасау
Жеке тұлғаларға салық бойынша өсімпұлды есептен шығару арқылы салық рақымшылық жасау 16 шілдеде басталды.
Рақымшылықты пайдалану үшін арнайы мәлімдемелерді толтыру және салық құрылымдарына олармен жүгінүдің қажеті жоқ.
Мемлекеттік кіріс органдары жеке тұлғалардың дербес шоттарының жай-күйіне дербес мониторинг жүргізіп, өсімпұлды есептен шығару туралы тиісті шешім шығарады.
Басты шарт - ағымдағы жылдың 1 қаңтарында пайда болған негізгі қарызды төлеу.
Салықтық рақымшылық жасауға жататын жеке тұлғалардың санаттары:
Көлікке, мүлікке, жерге, ЖТС салықтар бойынша салық берешегі бар жеке тұлғалар (мүліктік табыс)
Кәсіпкерлер болып табылмайтын, бірақ кәсіпкерлік қызметке қатысқан уақыттан бастап салықтар бойынша берешегі бар жеке тұлғалар
2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық берешегі бар БҚО жеке тұлғалар саны 60 мыңнан асады, олардың берешегінің жалпы сомасы 512,0 млн.теңгені құрады, оның ішінде негізгі борыш 370,0 млн. теңге, есептелген өсімпұл 142,0 млн. теңге.
Салық берешегінің ең көп сомасы немесе 68% (350,0 млн.теңге) көлік құралдарына салынатын салыққа тиесілі.
Қазақстандықтар берешек сомасын Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсынан немесе е-үкімет порталынан біле алады.
ЭЦҚ жоқ азаматтар үшін - ведомствоның сайтында арнайы сервис қызметі бар. Өз ЖСН тиісті бағанға енгізу жеткілікті.
Шағын және орта бизнес үшін салықтық рақымшылық жасау
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Мемлекеттік кірістер органдары 2019 жылдың қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылық жүргізеді.
Шағын және орта бизнес субъектілеріне негізгі борышты 2018 жылғы 1 қазаннан бастап 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін өтеу шартымен өсімпұлдар мен айыппұлдар сомасы есептен шығарылады.
БҚО-да 1 901 орта және шағын бизнес субъектісі рақымшылық жасауда. Есептен шығаруға жататын өсімпұлдардың жалпы сомасы 1 554,3 млн.теңгені, айыппұлдар – 175,0 млн.теңгені құрайды, олар 3 244,5 млн. теңге мөлшерінде негізгі борыш төленген жағдайда есептен шығарылады.
01.07.2019 жылғы жағдай бойынша БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті негізгі қарызды 293,1 млн.теңге төлеген 866 салық төлеушіге қатысты жалпы сомасы 112,1 млн. теңге өсімпұл есептен шығарды.
БҚО бойынша МКД