
ҚР 2019 жылғы 3 шілдедегі № 262-VI Заңымен Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту, микроқаржы қызметі және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Салық төлеуші – жеке тұлға төлеген жағдайда - 2018 жылғы мүлік салығын және жер салығын төлеу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері үшін салық міндеттемелері бойынша құрылған бересі сомасы 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін салық берешегі болып танылмайды, бюджетке енгізуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында есептелетін өсімпұл сомасы, сондай-ақ төлеу күнін қоса алғанда, осындай бересі сомасы есептен шығарылады. Бұл ретте өсімпұл бересі төленген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сол түрі бойынша есептен шығарылады.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережелері, мұндай тұлғалардың салық міндеттемелері кәсіпкерлік қызметті, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың немесе кәсіби медиатордың қызметін жүзеге асырумен байланысты емес жағдайларды қоспағанда, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған адамдарға және жеке практикамен айналысатын адамдарға қолданылмайды.
2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он бес жылдан астам дербес шотта есепте тұрған бересі сомасы, сондай-ақ оны есептен шығару күніне дейін көрсетілген бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен есептен шығарылуға жатады.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережелері дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын салық төлеушілер - жеке тұлғаларға, жеке практикамен айналысатын тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың қызметін жүзеге асыруға байланысты салық міндеттемелері бойынша қолданылады.
БҚО бойынша МКД