Жарияланған күні: 08.10.2018 11:15
Өзгертілген күні: 08.10.2018 11:16

Меншік құқығында салық салу объектілері бар тұлғалар көлік құралдарының салық төлеушілері болып табылады.

         Мыналар көлік құралы салығын төлеушілер болып табылмайды:

      - Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлетiн адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, Кеңес Одағының батырлары мен Социалистiк Еңбек ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Батыр ана" атағына ие болған немесе "Алтын алқа" не "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар – салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша;

      - меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектер –салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша.

     Жеке тұлғаларға арналған жеңілдіктер, оларға көрсетілген бір немесе бірнеше санаттарға жататынына-жатпайтынына қарамастан, салықтық кезең ішінде бiр автокөлiк құралы бойынша (қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден асатын, оған қатысты 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін уәкілетті мемлекеттік органда көлік құралының меншік иесінің ауысуына байланысты тіркеу әрекеттері жүргізілген жеңіл автомобильден басқа) қолданылады.

         Жеңілдіктерді қолдануға құқығы бар адамның меншік құқығында салықтық кезең ішінде бірнеше автокөлік құралы болған жағдайда, осы ережелер есептелген салық сомасы барынша үлкен мөлшердегі автокөлік құралдарының біреуіне қатысты қолданылады.

         Қолдану құқығы салықтық кезең ішінде туындаған немесе тоқтатылған жағдайда келесі ережелер қолданылады:  

          құқық туындаған кезде – осындай құқық туындаған айдың 1-күнінен бастап салықтық кезең аяқталғанға дейін немесе осындай құқық тоқтатылатын айдың 1-күніне дейін қолданылады;

құқық тоқтатылған кезде – осындай құқық тоқтатылатын айдың 1-күнінен бастап қолданылмайды.

       Салықтық кезеңнің 31 желтоқсанынан кешіктірмейтін күн жеке тұлғалар үшін бюджетке салық төлеу мерзімі болып табылады.

      Жеке тұлғалар салық төлеуді тұрғылықты жері бойынша жүргізеді.

     Көлiк құралының меншiк иесi атынан иеліктен шығару құқығымен көлік құралын басқаруға арналған сенімхат негізінде сенім білдірілген болып табылатын жеке тұлғаның салықтық кезең үшін көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралы меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.

 

БҚО бойынша МКД