Жарияланған күні: 23.10.2019 19:30
Өзгертілген күні: 23.10.2019 19:31

Акция 21 тамыздан 30 қарашаға дейін әрекет етеді. Ол Apple App store және Google Play market тегін жүктеп алуға болатын "Wipon" мобильді қосымшасы арқылы жұмыс істейді. Қажетті деректерді толтырып, кейін сатып алу чегін қосымшасына енгізу керек.

Чекті жібергеннен кейін қатысушы 5 000 теңгеге дейін балансқа ұтып алуға мүмкіндігі бар. Жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрайды. Барлық жіберілген чектер акцияның басты жүлде – автомобильдің ұтыс ойынына қатысады.

Акцияның арқасында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарға салық заңнамасын сақтау бойынша қоғамдық бақылауға қатысуға және бағалы сыйлықтарды ұтып алуға мүмкіндік береді.

Атап өткен жөн, осы мобильді қосымшаның көмегімен дүкенде чек берілмеген жағдайда шағым жіберуге болады.

"Азаматтық бақылау" пилоттық жобасы аясында бақылау-кассалық машиналардың фискалдық чектерін бермеу фактілерін анықтау бойынша 100 жеке тұлғаға 1 000 теңге көлемінде сыйақы төленді (ұялы телефон балансы толықтырылды).

"Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал" акциясының финалы жылдың соңында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде өтеді, онда бағалы сыйлықтар, соның ішінде автокөлік беріледі. Басты жүлде жеңімпазы чекті кездейсоқ таңдау әдісі бойынша анықталады.

Осылайша, чектер көп жіберілген сайын, соғұрлым қатысушының автокөлікті ұтып алу мүмкіндігі көп.