Жарияланған күні: 18.10.2019 11:22
Өзгертілген күні: 18.10.2019 11:23

Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялауға кезең-кезеңмен көшу көзделген.

Бірінші кезеңде - 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайларынан, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардан және олардың жұбайларынан декларациялауды бастау жоспарлануда.

Екінші кезеңде - 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен олардың жұбайлары үшін декларациялау.

Үшінші кезеңде – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшыларын және олардың жұбайларын, жеке кәсіпкерлерді және олардың жұбайларын декларациялау.

Төртінші кезеңде - 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтардың қалған санаттарын декларациялау.

Осыған байланысты азаматтардың дайындық процедураларын қазір жүргізу қажет.

Қазақстан аумағындағы және одан тыс жерлердегі уәкілетті мемлекеттік органдардың деректерімен меншік құқығын растайтын қолда бар құжаттарға тексеру жүргізу қажет.

Сондай-ақ тексеруді egov.kz "электрондық үкімет" порталындағы жеке кабинетте жүзеге асыруға болады.

Борыштық міндеттемелерді, қолма-қол түрдегі және шоттардағы ақша қаражатын, асыл заттарды, өнер заттарын, антиквариатты, биологиялық активтерді түгендеуді жүргізу қажет.

Салық органдары салық заңнамасы мен ҚР өзге де заңнамасы нормаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Бақылау түрлерінің бірі камералдық бақылау болып табылады, оның шеңберінде салық төлеуші ұсынған салық есептілігіне, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтеріне, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерге талдау жүргізіледі.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда, кірістер мен мүлік туралы декларацияда толық емес, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.