Құрметті жалға берушілер!
2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап сауда объектiлерiн, сауда объектiлерiндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретiн салық төлеушiлер 871.00 нысандағы «Жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімін» тапсыруы тиіс.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 207 бабының 3 тармағына сәйкес жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімін сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын уақытша иеленуге және пайдалануға беретін тұлғалар жасайды.
Тізілім салық төлеушiнің тұрған жері бойынша есептi кезеңнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмейтін мерзімде жасалады және салық органына ұсынылады.
БҚО бойынша МКД