Жарияланған күні: 05.06.2019 13:56
Өзгертілген күні: 05.06.2019 13:58

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI Кодексінің (Салық кодексі) 1 - бабы 1-тармағының 50) тармақшасына сәйкес өткізу – ол сату-сату, айырбастау, өтеусіз беру мақсатында тауарларды не өзге мүлікті тиеп-жөнелту және (немесе) беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, лизинг шарты бойынша мүлікті беру, сондай-ақ борышкер кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған кезде кепілге салынған тауарларды кепіл ұстаушыға беру.

     Салық кодексінің 367 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеушілер (бұдан әрі – ҚҚС) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою жүргізілген тұлғалар болып табылады: Салық кодекстің 368-бабына сәйкес салық салынатын айналым және салық салынатын импорт қосылған құн салығын салу объектілері болып табылады.

     Салық кодексінің 369-баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Салық кодексінің 370 бабында аталған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, салық салынбайтын айналымды қоспағанда, салық салынатын айналым болып табылады.

     Салық кодексінің 372-баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым тауарды сатуды, тауарды тиеп-жөнелтуді, оның ішінде төлемді бөліп төлеу шарттарымен және (немесе) басқа тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге айырбастай отырып, тауарды сатуды, тиеп-жөнелтуді білдереді.

     Салық кодексінің 422 бабының 1-тармағына сәйкес ҚҚС мөлшерлемесі 12 пайызды құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорттың мөлшеріне қолданылады.

     Жоғарыда айтылғандардың негізінде, егер заңды тұлға ҚҚС төлеуші болып табылса, онда жеңіл автомобильді өткізу кезінде салық салынатын айналым бойынша ҚҚС мөлшерлемесі 12 пайыз бойынша айналымы туындайды.
 

БҚО бойынша МКД