Жарияланған күні: 25.08.2023 10:17
Өзгертілген күні: 25.08.2023 10:19

2023 жылғы 22 тамызда Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің өкілдерімен кездесті.

Алғашқы сөз кезегі Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының м. а. Т. Т. Ақбаевқа берелді.

Қызметкерлердің "Мемлекеттік қызмет туралы" ҚР Заңының талаптарын сақтау мәселелері және Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жол берілетін бұзушылықтар туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері туралы БҚО бойынша Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаментінің Тергеу басқармасының басшысы, полковнигі Б.Н. Балғабеков айтып берді.

Тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет майоры Г. К. Өтепова ұжымды 28.07.2023 жылғы № 19-2/2384 БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хатына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық пен заңның басқа да бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою жөніндегі ұсыныспен таныстырды

Конструктивті диалог барысында Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері қызықтырған сұрақтарға жауап алды.