Жарияланған күні: 05.06.2019 18:06
Өзгертілген күні: 05.06.2019 18:10

     ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-ҚР Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 493 бұйрығымен сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқыс шығару), лифтілерге қызмет көрсету және (немесе) тасымалдау саласындағы қызметтер көрсететін ұйымдардың үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) бекітілді.

     Қағидалар Салық кодексінің 26-бабының 24-тармағына сәйкес әзірленген және сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқыс шығару), лифтілерге қызмет көрсету және (немесе) тасымалдау саласындағы қызметтер көрсететін ұйымдардың үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін айқындайды.

     Бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

БҚО бойынша МКД