Жарияланған күні: 22.12.2017 13:12
Өзгертілген күні: 22.12.2017 13:12

       Ағымдағы жылдың 14 желтоқсаны күні Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік-тұғырым» атты салтанатты жиын өтті. Жиынға қатысқан басқарма басшылығы мен қызметкерлері мемлекетіміздің тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі даму барысы, әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына ене алғандығы,   өз тарихын танып, болашағын айқындай алатын Қазақ елінің қалыптасқандығы, мемлекетіміздің экономикалық-саяси, өндірістік саласы, мемлекеттік басқару жүйесінің даму жолына ерекше мән беріліп, мәдени, рухани жаңғыру бағытына бет алғандығы,  нарықтың сан қилы өткелдерінен өтіп келе жатқандығы сөз болды.

     Басқарма басшысы Есенғалиев Сұңғат Жексембайұлы басқарма қызметкерлерін ең басты құндылығымыз – Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, мемлекеттіміздің дамуы жолында ортақ мақсатта қызмет ететін әрбір қызметкердің қосқан үлесі елеулі екендігін атап өтті. Мемлекеттік кірістер жүйесінде қызмет атқарғаны және қызметтік міндеттерін қалтқысыз орындап, елеулі нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлер марапатталды. Атап айтсақ, Ақпараттарды қабылдау және беру орталығының басшысы              С. Аймағамбетова Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер Комитетінің төрағасы А.М.Теңгебаевтың Құрмет грамотасымен, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Э. Хасанова  Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер Комитетінің төрағасы А.М.Теңгебаевтың Алғыс хатымен, Орал қаласы мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының Алғыс хатымен бас маман О. Ялфимова,        Қ. Темірғалиев, Г. Нажиева марапатталды

       Сонымен қатар, салтанатты жиын барысында мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген мемлекеттік қызметшілер, бас маман Турсынов Бекбулат Тагберлиевичтің, Карабасов Дархан Адиловичтің ант қабылдау рәсімі өткізілді.

 Шара барысында «Қазақстан», «Атамекен» патриоттық әндері шырқалып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Орал қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы мемлекеттік кірістер жүйесінің қызметкерлерін, барлық отандастарымызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтайды. Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Қазақстанның дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, санасатындай деңгейдегі бүгінгі келбеті - тұңғыш президентіміз Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев атап айтқандай: «Тәуелсіздік тарихтың сыйы немесе бүгіннің меншігі емес, ол өткен бабалардың алдындағы қасиетті борыш, келешек ұрпақтың алдындағы зор жауапкершілігіміз болып табылады». 

Ғасырлар бойы ата-бабамыз аңсап күткен осынау жүрекжарды қуанышқа толы күн, әр азамат үшін орны ерекше мереке құтты болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, ғұмырлы болсын!