
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен 2018 жылдың 21 мамыр айынан бастап «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» кезекті акциясын өткізуде.
Қазақстан Республикасы бойынша акцияға белсенді қатысушылар санында Батыс – Қазақстан облысы көрсеткішке қол жеткізді. Қатысушылар саны - 321, түбіртек саны 13 517.
Кездейсоқ таңдау әдісімен мамыр – маусым айлары бойынша ұтыс ойынның жүлдегерлері анықталды олар: Бузаханова Эльмира Бахаткалиевна (Бөрлі ауданы), Бузаханов Бахаткали Максутович (Бөрлі ауданы) және Омарова Гульзина Батырханкызы (Орал қаласы). «Sunmile» маркалы термос-шайнек табыс етілді.
Акция 2018 жылдың 30 қарашаға дейін жалғасуда, ай сайын құнды сыйлықтар ойнатылып, жыл соңында бас жүлдеге ChevroletAveo автокөлігі ұтысқа салынады.
Барлығыңызды «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясына қатысуға шақырамыз. Қаншалықты көп түбіртек жіберсе, жүлдені ұтып алу мүмкіндігі де соншалықты өсе түседі.
БҚО бойынша МКД