Ағымдағы жылдың 01 қаңтарнаң бастап Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 26 желтоқсандағы №123-VІ ҚРЗ (бұдан әрі - Кодекс) күшіне енгеңине байыланысты және басқада нормативтік-құқықтык актілері (2018 жылдың бірінші жарты жылдық мерзіминде мемлекеттіқ тіркеуден өткен) тексеру нәтижелері туралы хабарлама және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарлама және сол хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы акпараты сіздің назарыңызға усынамыз.
Кодекстің 475 бабына сәйкес Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға (бұдан әрі осы тараудың мақсатында – хабарлама) шағым жасау осы тарауда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Хабарламаға:
1) өзіне қатысты хабарлама шығарылған декларанттың не оның өкілінің; 2) өзіне қатысты хабарлама шығарылған, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаның не оның өкілінің шағым жасау құқығы бар.
Жоғарыда аталған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес хабарламаға сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.
Кодекстің 476 бабына сәйкес шағым хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде уәкілетті органға берiледi. Бұл ретте шағымның көшiрмесi хабарламаны шығарған кеден органына жiберілуге тиiс.
Осы Кодекстің 481- бабына сәйкес шағымды қарау мерзімдерін ұзарту және тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда, кодекстің 479 бабына сәйкес шағым бойынша – шағым тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің шағымдары бойынша шағым тіркелген күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде уәжді шешім шығарылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы №23 бұйрығымен Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы Ереже бекітілген.
Ереженің 4-ші пунктіне сәйкес Комиссия құрамына Комиссия Төрағасы, сондай-ақ алты адамнан тұратын Комиссия мүшелері кіреді.
Ереженің 16-ші пунктіне сәйкес Комиссия салықтық, сол сияқты кедендік тексерулер бойынша шағымдарды қараған кезде мүшенің - тиісті бағытқа жетекшілік ететін уәкілетті орган ведомствосы өкілінің қатысуы міндетті шарт болып табылады. Аталған Комиссия мүшесінің болмауы тиісті шағымдарды келесі Комиссия отырысына қарау үшін шығаруға негіз болып табылады.
Шағым мәселелері бойынша Ереженің 17-ші пунктіне сәйкес Комиссияның шешімі отырысқа қатысушылардың қарапайым көпшілік дауысымен ашық дауыс берумен қабылданады. Уәкілетті органның өкілі оның құзыретіне енетін (тәлімгерлік ететін бағыт бойынша) мәселелер бойынша дауыс береді. Дауыс беру Комиссия отырысында Апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыс беру парағын толтыру арқылы жүргізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия Төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Шағымдалған мәселелерді қарау нәтижелері бойынша Ереженің 18-ші пунктіне сәйкес Комиссия мынадай шешім түрлерін қабылдайды:
- шағым жасалып отырған тексеру нәтижелері туралы хабарлама және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарлама өзгеріссіз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын;
- шағым жасалып отырған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның толық немесе бір бөлігінің күші жойылсын.
Шағымды қарау нәтижелері бойынша Комиссия қабылдаған шешімдер осы Апелляциялық комиссия отырысының хаттамасында көрсетіледі. Комиссия мүшелері өз функцияларын жүзеге асыру кезінде алған коммерциялық құпияны, қызметтік және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпарат жариялауға жатпайды.
Кәсіпкерлердің назарыңа (СЭҚ қатысушыларға және салық төлеушілерге) .... 2017 жылы 01 шілдедең бастап салық немесе кедендік тексеріс, және камералдық кедендік тексеру нәтижелері туралы хабарламаларға шағым Қазақстан Республикасы Қаржы министрліке ұсынулу қажет.
Тарифтік реттеу және посткедең бақылау басқармасы
Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті