
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың тауар айналымын электронды бақылау тізбегіндегі маңызы қандай, ал салық төлеушілердің нені білуі керек, осы туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде айтып берді.
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды енгізу (ТІЖ) түпкілікті тұтынуды немесе экспортты қоса алғанда, импорттан/өндірістен бастап барлық өткізу тізбегі бойынша тауар айналымын автоматты бақылауды қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған қадағалап отыру жүйесінің соңғы элементі болып табылады.
ТІЖ ресімдеу «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулінде жүзеге асырылады.
Модульдің функционалы кедендік ресімдеуден кейін импортталған тауар автоматты режимде сыртқы экономикалық қызметке қатысушының Виртуалды қоймасына кіріске алынатындай етіп құрылған.
Одан әрі сату үшін ТІЖ ресімдеу Виртуалды қоймадан тауарды таңдау жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте Виртуалды қоймадағы барлық ақпарат (тауардың атауы, СЭҚ ТН коды, өлшем бірліктері, тауардың шығу көздері бойынша ақпарат) құрылатын ТІЖ-де автоматты түрде толтырылады, бұл мәліметтерді енгізудің қайталануын болдырмауға мүмкіндік береді.
Өткізілетін тауарлардың санын көрсеткен кезде, Жүйе Виртуалды қоймада мұндай мөлшердің бар-жоғын автоматты түрде тексереді және егер тауарды өткізуде қоймадағы қалдықтардан көп мөлшерде көрсетілсе, экранда қате туралы хабарлама шығады. Осылайша, декларацияланған көлемдер шегінде тауарларды өткізуді автоматты түрде бақылау жүзеге асырылады.
ТІЖ ресімделгеннен кейін сатып алушы ТІЖ растағанға дейін Жүйе резервке қояды. Бұл ТІЖ ресімдеу үшін тауар кездейсоқ таңдалмауы үшін жасалады.
ТІЖ расталғаннан кейін, алынған тауарлар ТІЖ-де көрсетілгенге сәйкес келеді дегенді білдіреді, тауарлар автоматты түрде жеткізушінің Виртуалды қоймасынан сатып алушының Виртуалды қоймасына ауыстырылады.
Осылайша, қадағалап отыру жүйесінің маңызды элементтері тауарды тиеп жөнелту басталғанға дейін тауардың қозғалысын сүйемелдеу құжатын ресімдеу, сондай-ақ құжатты растау немесе қабылдамау мүмкіндігі болып табылады.
Іс жүзінде мұндай талаптарға жауап беретін құжат ТІЖ нысанын әзірлеу кезінде негіз ретінде алынған З-2 нысаны бойынша тауарды тарапқа жіберуге арналған жүкқұжат болды.
ЭШФ тауарға ілеспе құжат ретінде пайдаланылуы мүмкін емес, өйткені ол тауар тиеп жөнелтілгеннен кейін 15 күн ішінде жазып беріледі және ЭШФ ауытқуы көзделмеген. ЭШФ жазып беру мерзімдерін қысқарту жөніндегі ұсыныстарды, сондай-ақ негізгі ЭШФ-ны қабылдамау жөніндегі нормаларды салық төлеушілер қолдамағандықтан, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген Салық кодексінде ТІЖ-ның жаңа салық және бухгалтерлік құжаты көзделген.
ТІЖ қолдануға «жеңіл» көшуді қамтамасыз ету үшін жыл басынан бастап Пилоттық жоба іске қосылды, оның шеңберінде айыппұл санкциялары қолданылмайды.
Пилоттық жобаны жүргізу, соның ішінде салық төлеушілердің ұсыныстары бойынша функционалды пысықтауға, сондай-ақ шаруашылық операциялардың барлық түрлері үшін оның қалай жұмыс істейтінін тексеруге мүмкіндік береді.
Пилотты іске қосу кезінде бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізушілер, оның ішінде 1-с өз өнімдеріндегі барлық қателерді жоюға үлгермеді не өздерінің ERP-жүйелерін пысықтауға үлгермеді, осыған байланысты ТІЖ ресімдеу үшін мұндай салық төлеушілерге ҰКО (Ұлттық куәландырушы орталығы) тегін ЭЦҚ негізінде ЭШФ АЖ сайтында тегін жұмыс істеу мүмкіндігін пайдалану ұсынылды.
Бұдан басқа, ТІЖ және ЭШФ ресімдеуді PLAY MARKET-те қолжетімді ЭШФ АЖ тегін мобильді қосымшасының көмегімен жүзеге асыруға болады.
Бұл ретте ТІЖ және ЭШФ осындай ТІЖ негізінде ресімдеу мерзімдері ұзартылады, яғни әкімшілік жауапкершілік туындамайды.
Сонымен қатар, ЭШФ АЖ бойынша WEB-портал бірінші кезекте шағын бизнес үшін, ЭШФ АЖ (ТІЖ, ЭШФ, Электрондық шарттар, Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің электрондық актілері) құжаттарымен жұмыс істеу үшін тегін алаң ұсыну мақсатында әзірленгенін еске салған жөн. Осыған байланысты ТІЖ және ЭШФ-мен жұмыс істеу бойынша функционалға қойылатын ең төменгі талаптар іске асырылды. Сондықтан ірі бизнес жүргізуді ұсынатын ЭШФ АЖ тым күрделі пысықтауларды жеке есептік бағдарламалық өнімдерде іске асыру қажет.
ЭШФ АЖ-да жұмыс істеген кезде тым қысқа сессия, егер салық төлеуші 30 минут ішінде тышқанмен ешқандай қимыл жасамаса, тек осы жағдайда ғана сессия тоқтайтынына назар аударамыз. Бұл жағдайда барлық сақталмаған шимай қағаздар жойылады. Сондықтан, ТІЖ құрғаннан кейін оны шимай қағаз ретінде сақтап және осындай шимай қағазда жұмысты жалғастыру керек.
ЭШФ АЖ өзінде жедел жойылатын техникалық қателер бар екенін мойындау керек. Мысалы, 2021 жылғы 20-21 қаңтар аралығында ЭШФ электрондық нысанда жазып беруге мүмкіндік бермейтін техникалық проблема туындады. Бұл жағдайда ТІЖ ресімдеу еш қиындықсыз жүзеге асырылды.
Проблема салық төлеушілердің ұсыныстары бойынша ЭШФ жазып беру бойынша функционалда РФ СТН (жолды толтыру міндетті емес) көрсету мүмкіндігін іске асыруға байланысты туындады.
2021 жылғы 21 қаңтарда кешке бұл проблема жойылды және ДСҰ-ны алып қою Тізбесінен тауарлар бойынша экспортқа ЭШФ жазып беру қалпына келтірілді.
Алайда, мұндай қатені анықтау өнімді ортада жұмыс істеу кезінде ғана мүмкін болды.
Бұдан басқа, өнімді ортада ТІЖ Пилоттық қолдану салық төлеушілерден ТІЖ-мен жұмысты жақсарту бойынша кері байланыс пен ұсыныстар алуға мүмкіндік береді.
Нәтижелер бойынша жаңа рәсімдер жүзеге асырылады және іске асырылған функционал жетілдіріледі. Сонымен, мүмкіндік іске асырылды:
- техникалық проблемалар туындаған жағдайда ТІЖ-ға байланыстырмай ЭШФ жазып беру;
- бастапқы ТІЖ-ны шығу көзі ретінде пайдалана отырып, 328 СЕН растауын күтпей, ЕАЭО-дан әкелінген тауарды өткізу;
- бастапқы ТІЖ шығу көзі ретінде пайдалана отырып, 328 СЕН растауын күтпей, ЕАЭО-дан әкелінген тауарды ҚР ішінде өткізу бойынша ЭШФ жазып беру;
- бір ғана «Салыстыру» батырмасын басу арқылы бастапқы ТІЖ және 328 СЕН автоматты түрде салыстыру;
- соңғы сатып алушыға дейін сату тізбегі бойынша 328 СЕН туралы ақпаратты автоматты түрде беру.
Қателерді жою, сондай-ақ ЭШФ АЖ функционалын пысықтау, оның ішінде Жүйемен жұмыс істеуде қолайлылықты қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.
ТІЖ енгізу, ТІЖ ресімдеуге алғашқыда барынша дайындалған, бұған дейін акцизделетін тауарларға ілеспе жүкқұжаттар жазып берген және «Виртуалды қоймада» жұмыс істеген салық төлеушілерді тарту арқылы кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Сонымен бірге, салық төлеушілер ТІЖ-мен жұмысты реттеп, контрагенттермен өзара қарым-қатынастарын қайта құруға үлгермеді, осыған байланысты ТІЖ бойынша Пилоттық жобаны жүргізу мерзімдері ұзартылуда:
- акцизделетін тауарлар бойынша – 2021 жылғы 1 шілдеге дейін;
- ЕАЭО-дан әкелу/ЕАЭО-ға әкету бойынша – 2021 жылғы 1 шілдеге дейін;
- Виртуалды қойманың тауарлары бойынша (ҚР ҚМ №384 бұйрығы) – 2021 жылғы 1 қарашаға дейін.
ДСҰ алу Тізбесіндегі тауарларға және цифрлық таңбалау тауарларына ТІЖ бойынша Пилоттық жобаның басталу мерзімі 2021 жылғы 1 ақпаннан 2021 жылғы 1 шілдеге, аяқталу мерзімі – 2021 жылғы 1 шілдеден 2022 жылғы 1 ақпанға ауыстырылады.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша:
1) Байланыс орталығына – 1414 нөмірі бойынша, қосымша нөмірі 4;
2) ҚР ҚМ МКК Инстаграмдағы парақшасы:
ttps://instagram.com/press_kyzmet_kgd?r=nametag сілтеме бойынша;
3) YouTube-дағы МКК арнасы:
https://youtube.com/user/salykgovkz сілтеме бойынша;
4) ҚР ҚМ МКК Facebook-тағы парақшасы:
https://www.facebook.com/kgd.gov.kz/ сілтеме бойынша;
5) «ҚР ҚМ МКК-нің ТІЖ енгізу» телеграмм қоғамдастығы:
https://t.me/joinchat/GKvfM8gwBMMuyA2M сілтеме бойынша;
6) Facebook-тегі «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі (ЭШФ АЖ) форумы:
https://www.facebook.com/groups/esf.gov.kz?modal=false&should_open_composer=false сілтеме бойынша хабарласыңыз.