Жарияланған күні: 28.06.2019 11:58
Өзгертілген күні: 28.06.2019 19:45

Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандарымен тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы, сондай-ақ шот-фактуралардың көшірмелері және импортталған тауарларды сатқан жағдайда салық төлеушілер ҚҚС төлеу мәселесі бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізулуде.

Рейдтік іс-шаралар барысында тауар-көлік жүкқұжаттарының болмауы фактілері анықталды, осыған байланысты Мемлекеттік кіріс органдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 571-1 - бабы 1-бөлімі бойынша резидент емес 3 жеке тұлғаға қатысты 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл сала отырып, әкімшілік материалдар жасады.

Айта кету керек, электрондық шот-фактура Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 "Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураларды жазып беру ережесін және оның нысанын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жазылады.

Сондай-ақ, электрондық шот-фактуралар жазылмаған немесе уақтылы жазылмаған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын естеріңізге саламыз.

БҚО бойынша МКД