Жарияланған күні: 05.06.2019 13:53
Өзгертілген күні: 05.06.2019 13:54

     "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы "Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Енгізу туралы Заң) 33-бабында баяндалған редакцияда қолданылатын "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 342 – бабы 1 – тармағының 4) тармақшасына сәйкес жеке тұлға сыйақылар бойынша салық шегерімдерін (бұдан әрі-өзге шегерімдер) қолдануға құқығы бар.

     Енгізу туралы Заңының 33-бабында баяндалған редакцияда қолданылатын Салық кодексінің 349 бабының 1-тармағына сәйкес сыйақылар бойынша салықтық шегерімді Қазақстан Респуликасының резидент-жеке тұлғасы өз пайдасына жұмсалған, Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге тұрғын үй құрылысы жинақ банктерінен алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны төлеуге арналған шығыстар бойынша қолданады.

     Осылайша, жеке тұлға сыйақылар бойынша салықтық шегерімді «Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» АҚ алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны төлеуге арналған шығыстар бойынша ғана қолдануға құқылы.
 

БҚО бойынша МКД