
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында мемлекеттік кірістер органдары қызметінің негізгі бағыттарының бірі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мен мемлекеттік кірістер органдарында жұмыс істейтін тұлғалардың мінез-құлық қағидаларын енгізу болып табылады.
2020 жылдың 17 ақпаны күні Департаментте жеке құраммен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бекітілген стандарттармен танысу бойынша кеңес өтті. Кеңес өткізудегі міндет - мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлқын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық әрекеттерін дер кезінде анықтау және олардың жағымсыз салдарларын болдырмау болып табылады.
Кеңес барысында Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі М.К.Кувандыков жеке құрамды басқарушылық шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің мінез-құлық қағидалары туралы ақпрат берді.
Адам ресурстары басқармасының басшысы Т.Ж.Бисалиева сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасалу фактісі туралы хабарлау, мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу бойынша шаралар қабылдау міндеті, лауазымдық міндеттерін орындауға байланысты сыйлықтар алуға тыйым салу сияқты негізгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарттарының тәртібін түсіндірді.
Кеңес соңында Департамент мамандарымен облыстың мемлекеттік кірістер органдары қызметінің өзге де өзекті мәселелері талқыланды.