Құрметті салық төлеушілер!
Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті төмендегіні хабарлайды:
ҚР «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Кодексінің 446 бабының 1 тармағына сәйкес бірыңғай жер салығын, әлеуметтік салықты, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мынадай кезеңде жүргізіледі:
1) салық кезеңінің 1 қаңтарынан 1 қазанына дейін есептелген соманы төлеу ағымдағы салық кезеңінің 10 қарашасынан кешіктірілмей;
2) салық кезеңінің 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейін есептелген соманы төлеу есептi салық кезеңiнен кейiнгi салық кезеңінің 10 сәуірінен кешiктiрілмей жүргiзiледi.
Әлеуметтік салықты және төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын төлеу жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
БҚО бойынша МКД