Жарияланған күні: 13.04.2021 18:25
Өзгертілген күні: 13.04.2021 18:27

Сіздердің  назарларыңызға 25.12.2019 жылдан бастап салық кошелегінің  функционалы тәжірибелік пайдалануға енгізілгенін жеткіземіз. Салық кошелегінің сервисі КГД eSalyq порталының мобильдік қосымшасындағы App Store және Play Market жарияланған.

Салық кошелегінің сервисіне қол жеткізу үшін ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, eSalyq қосымшасында немесе мобильдік азаматтар базасында СМС-коды  бойынша тіркелу қажет.

Сондай-ақ, мобильді қосымшада ЖСН/пароль, жылдам қатынау коды және биометрия (face, TouchID) бойынша кіруді реттеуге болады.

Салық кошелегінің механизмі бюджетке төлемдерді автоматты түрде таратуға мүмкіндік береді. Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің салық кошелегін  толтыру арқылы салықтарды баламалы төлеу мүмкіндігі бар.

Сервис салық төлеушіге бюджетпен оның ағымдағы және алдағы міндеттемелері туралы ақпарат ұсынады.

Салық кошелегінен  түскен ақша декларацияларды, есеп айырысуларды, уәкілетті органдардың мәліметтерін табыс ету кезінде салық міндеттемелері туындаған тиісті салықтарға автоматты түрде есепке алынады.

Салық кошелегін толтыру мына реквизиттерге автоматты түрде жүргізіледі:

Бенефициардың атауы: «ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті» ММ

Бенефициардың БСН: 141040004756

Бенефициар банкінің атауы: «ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті» ММ

Банктің  БСК: KKMFKZ2A

Бенефициардың шоты ЖСК: KZ24070105KSN0000000

 «РБ - дағы басқа да салықтық түсімдер» БСК: 107109

«Бюджетке есептелген, саналған  және өзге де міндеттемелер» КТС:911

Салық міндеттемесі туындаған салық есебіне салық кошелегінен ақшаны есептен шығару туралы хабарлама сервисте автоматты түрде көрсетіледі.

Барлық  жүргізілген  операциялардың  тарихын «төлемдер және толықтырулар тарихы» қойындысында тексеруге болады.

Салық  кошелегінен  сомаларды  қайтару  қолданылып жүрген заңдарға сәйкес egov.kz немесе web-қосымша «салық төлеушінің кабинеті» арқылы салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде жүргізіледі.

Салық кошелегінің сервисі берешекті және алдағы төлемдерді тек салық төлемдері бойынша автоматты түрде өтеуге арналғанына Сіздің назарыңызды аударамыз.  eSalyq қосымшасында әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті төлеу «Салықтық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы мәліметтер» сервисінде жүзеге  асырылатын болады.