Жарияланған күні: 17.10.2019 17:13
Өзгертілген күні: 17.10.2019 17:14

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 3 қазандағы №1084 бұйрығына қосымша Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері (пилоттық жоба)

Мемлекеттік кірістер комитеті апта сайын алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша мәліметтерді талдау негізінде, тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде анықталған жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған ҚҚС төлеушілер салық төлеушілердің тізімін қалыптастырады.

Комитет салық төлеушіге жоғары тәуекел дәрежесін берген соң бір жұмыс күні ішінде:

1) жазып берілген ЭШФ көрсете отырып, салық төлеушінің "Салық төлеушінің кабинеті" web-қосымшаға хабарлама;

2) ЭШФ деректеріне сәйкес, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алушы болып табылатын "Салық төлеушінің кабинеті" web-қосымшаға хабарлама;

3) Салық төлеушің ЭШФ АЖ, салық төлеушіге жоғары тәуекел дәрежесін берілгені және "Салық төлеушінің кабинеті" web-қосымшаға жіберілген хабарламаны орындамаған жағдайда, ЭШФ АЖ кіруді шектеу қолданылатыны туралы хабарландыру жолдайды.

Мемлекеттік кірістер органы тұрақты негізде жіберілген хабарламаларды орындалуын бақылайды.

Мемлекеттік кірістер органы салық төлеушілер Хабарламаны орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, қайтарып алынған ЭШФ және берілген түсіндірулерге талдау жүргізеді.

Мемлекеттік кірістер органы, келесідей жағдайларда және мерзімдерде ЭШФ АЖ кіруге шектеу қолданады:

1) Түсіндіруды талдауды аяқтаған соң бір жұмыс күні ішінде, егер де Салық кодексінің 96 бабының 2 тармағында көрсетілген мәліметтер болмауы шартымен;

2) Хабарламаны орындау мерзімі өткеннен соң бір жұмыс күні ішінде, Хабарлама орындалмаған шартымен.

Хабарламаны орындаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органдары Хабарлама орындалған соң үш жұмыс күні ішінде, ЭШФ АЖ кіруге шектеуді алып тастайды.

Пилоттық жоба 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін қолданыста болады