Жарияланған күні: 06.03.2020 18:05
Өзгертілген күні: 06.03.2020 18:07

Бүгін БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге арналған 2020 жылдың 1 сәуірден тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды енгізу мәселесі бойынша семинар өткізді.

Белгілі болғандай, 1 сәуірден бастап ЕАЭО аясында тауарларды өткізу кезінде ҚР салық төлеушілер - тауарлар алушылар мен жеткізушілер рәсімделетін болады.

Автомобиль өткізу пункттерінде "Экспорттық бақылау" модулінде ІЖҚ енгізілуіне байланысты ЕАЭО шеңберінде тауарларды әкелу және әкету туралы мәліметтер автоматты режимде түсетін болады, мәліметтерді қолмен енгізу тек тауарларды транзиттік тасымалдау бойынша ғана сақталады.

Семинар барысында ІЖҚ шығару мерзімдеріне, оларды растауға және ІЖҚ шығару бойынша міндет қолданылатын тауарлар тізбесіне байланысты бірқатар мәселелер түсті.

Сондай-ақ осы тақырыпты талқылау барысында белсенді салық төлеушілерден ІЖҚ енгізу мерзімін ауыстыру, бөлшек саудада өткізу кезінде ІЖҚ жою, ІЖҚ шығарылмаған кезде әкімшілік жауапкершілікті тоқтата тұру бойынша ұсыныстар түсті. Аталған барлық ұсыныстар "Атамекен" ҰКП өңірлік филиалының назарына жеткізіледі, ол бизнес жұмысының заңнамалық және өзге де нормативтік ережелерін қалыптастыру барысында барлық кәсіпкерлердің мүддесін білдіреді, ол одан әрі жоғары тұрған мемлекеттік органдарға жіберіледі.

Бұдан басқа, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) өкілдері салық төлеушілерге елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі және ҚР заңнамасын бұзуға жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы әңгімеледі.