Құрметті салық төлеушілер!
Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2017 жылдың 18 қаңтары күні Ақтөбе қаласында жаңа Салық кодексінің жобасын талқылау бойынша көшпелі семинар өткізілетінін хабарлайды.
Семинарға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен ҚР Ұлттық экономика министрлігінің қызметкерлері, Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығының өкілдері қатысады.
Семинардың негізгі тақырыбы:
1. Жаңа Салық кодексінде салық саясаты;
2. Жаңа Салық кодексіндегі салықтық әкімшілендіру;
3. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу. Денгейлес мониторинг;
4. Арнайы салық режімдерін жетілдіру;
5. ҚҚС қайтаруды әкімшілендіруді жетілдіру. ҚҚС бойынша бақылау шоты;
6. Сұрақ-жауаптарды талдау.
Семинардың өткізетін орны: Ақтөбе қаласы А.Молдағұлова пр. 34 үй, «Студенттер сарайы» Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, сағат 09.00 де (тіркелу уақыты 08.30-09.00)
Барлық сұрақтар бойынша БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру басқармасына жолығуыңыз керек. Тел. 87112 24-19-32
БҚО бойынша МКД