Жарияланған күні: 23.10.2019 19:28
Өзгертілген күні: 23.10.2019 19:29

Салық бойынша өсімпұлды есептен шығару арқылы жеке тұлғаларға салық рақымшылық жасау 2019 жылдың 16 шілдесінде басталды.

Әрбір азамат ағымдағы жылдың соңына дейін есептелген өсімпұлдарды есептен шығару бойынша осы науқанды пайдалана алады.

Бүгінгі күні жеке тұлғаларға рақымшылық жасау аясында негізгі қарызды жалпы сомасы 73,5 млн.теңгеге өтеген Батыс Қазақстан облысының 3 973 салық төлеушісіне қатысты 24 млн.теңгеге өсімпұл есептен шығарылды. (барлығы 78 мың жеке тұлғалардың 759,2 млн. теңге берешегі бар, оның ішінде 187,5 млн.теңге өсімақы).

Өсімпұлды есептен шығарудың жалғыз шарты жеке тұлғаның салықтар бойынша негізгі борышты төлеуі болып табылады. Салық төлеушілерге бұл үшін ешқайда барудың қажеті жоқ, мемлекеттік кіріс органдары күн сайын жеке тұлғалардың дербес шоттарының жай-күйіне мониторинг жүргізетін болады және олар негізгі борышты төлеген кезде өсімпұлды үш жұмыс күні ішінде есептен шығару туралы тиісті шешім шығарады.

Егер салық төлеуші ағымдағы жыл ішінде өткен жыл үшін негізгі борыш пен салықтар бойынша өсімақыны төлеуді жүргізген жағдайда, өсім сомасы қайтаруға жатады. Ол үшін мемлекеттік кіріс органдарына өтініш беру қажет.