
«Қаржы министрлігі – Адалдық алаңы» Жобалық Кеңсесінің жұмысы аясында тұрғындардан келіп түскен сұрақтар мен ұсыныстарға жедел жауап беру, «Адалдық алаңы» шеңберінде Қаржы Министрлігінің қызметінің ашықтығы мен қол жетімділігін арттыру мақсатында 2020 жылғы 17 қаңтарда Астана уақытымен сағат 15.00-де (жергілікті уақытпен 14.00-де), «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI Қазақстан Республикасының Кодексіндегі негізгі жаңашылықтарды түсіндіру бойынша Республикалық акция өткізіледі.
Өткізу жері:
1. Орал, «Smart Uralsk» қызмет көрсету орталығы, Чагано-Набережная көшесі, 84
2. Орал, «ANTIKOR ORTALYGY» сервис орталығы, Құрманғазы көшесі, 89/1