Жарияланған күні: 05.06.2019 13:36
Өзгертілген күні: 05.06.2019 13:38

     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасындағы Ресейдің Федеральды кеден қызметі өкілдігінен келіп түскен хаты бойынша Ресей Федерациясына келу тәртібі туралы келесі ақпаратты ұсынады.

     1996 жылғы 15 тамыздағы №114-ФЗ«Ресей Федерациясына келу және кету тәртібі туралы» Федеральды заңының 27 бабы 1 бөлігінің талаптарына сәйкес шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ адамдар, өздерінің Ресей Федерациясына алдыңғы келу кезеңінде салықтан бас тартқан жағдайлары орын алған болса, ондай адамдарға Ресей Федерациясына келуге тыйым салу шешімін қабылдауға негіз бола алатыны көрсетілген.

     Көрсетілген заңның талаптары шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ адамдарға кедендік баждармен салықтарды төлеу бойынша міндеттерін уақытында орындамағандары үшін, соның ішінде жеке пайдалану көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына уақытша әкелу талаптарын бұзғанына қатысты туындаған жағдайларда да қолданылады.

     Осы бағытта атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Ресейдің ФКҚ онлайн-режимінде кедендік төлемдер бойынша берешектердің бар немесе жоқ екенін тексеруге болатын және Ресей Федерациясына кіруге тыйым салу туралы қабылданған шешімдермен танысуға мүмкіндік беретін ақпараттық сервисті іске қосты.

     Аталған сервиске кіру келесі электронды мекен-жай бойынша жүзеге асырылады: http://edata.customs.ru/FtsPersonalCabinetW…/…/CheckPayments.

     Берешектердің бар немесе жоқ екенін немесе Ресей Федерациясына кіруге тыйым салынғанын тексеру үшін бар болғаны келесі ақпараттарды енгізу арқылы білуге болады: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жынысы, азаматтығы, туған жылы.

БҚО бойынша МКД КӘБ