
Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында Департамент қызметкерлерінің қатысуымен мерекелік концерт өткізілді, мерекелік шарада соғыс тақырыбына арналған бейне қойылымдар мен «Департамент өмірінен» қызықты қойылымдар көрсетілді. Сонымен қатар, мерекелік концертте қызметкерлер би билеп, соғыс тақырыбына арналған өлеңдерді оқып, ән салды.
Департаменттің әйелдер ұжымы атынан адам ресурстары басқармасының бастығы Т.Ж.Бисалиева құттықтау сөз сөйледі.
Әріптестерін мерекемен құттықтап, ашық аспан, Отанымыз – Қазақстан Республикасының әл-аухатын жақсартуға, көркейіп, жаңаруына қосып жатқан үлестеріне жетістіктер тіледі.
БҚО МКД