Жарияланған күні: 07.02.2019 10:43
Өзгертілген күні: 07.02.2019 12:46

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен бүгінгі таңда жедел және қол жетімді түрде кеңестер беруге және мемлекеттік қызметтер көрсетуге мүмкіндік беретін адамдар көп шоғырланған жерлерде, базарларда, сауда үйлерінде салық төлеушілермен көшпелі кездесулер өткізіп жатыр.  

Мобильді кеңсе жұмысына мемлекеттік кіріс органдарының қызметкерлерінен басқа деректерді беру функциясы бар кассалық аппараттарды сататын фирмалардың өкілдері қатыстырылды.

Мұндай акция нарықта сауда жасайтын кәсіпкерлерге өзінің сауда нысанынан шықпай, Онлайн-БКМ қолдану мәселесі бойынша толық ақпарат алуға, сол жерде тиісті кассалық аппаратты сатып алуға және оны мемлекеттік кіріс органдарында тіркеуге өтініш беруге мүмкіндік берді.

Бүгін Орал қаласындағы "Алтын Алма", "Мерей", "Мирлан" және "Золотая чаша" базарларында сауда жасайтын кәсіпкерлермен көшпелі кездесу барысында мобильді кеңсеге 70-тен астам салық төлеуші келді.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ашық сауда базарларында жұмыс істейтін кәсіпкерлер (патент бойынша жұмыс істейтіндерден басқа) Онлайн-БКМ қолдануға міндетті.

Сонымен қатар, 2019 жылы 633-тен астам жаңа қызмет түрі фискалдық деректерді беру функциясы бар кассалық аппараттарды пайдалануға міндетті болады. Кәсіпкерлер үшін осы жыл цифрландыру және фискалдық белгімен өтеді. 

 Егер қазіргі уақытта Онлайн-БКМ тек 27 қызмет түрі бойынша қолдану міндетті болса, осы жылдың аяғына дейін толық көшу аяқталады және Онлайн-БКМ қолдануға патент бойынша жұмыс істейтіндерді және интернет желісіне қол жеткізу аймағынан тыс орналасқандарды қоспағанда, барлығы міндетті болады.

2020 жылдан бастап - патент бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ шаруа қожалықтары.   

 Қолма-қол ақша арқылы ақшалай есеп айырысуды жүзеге асырған кезде Онлайн-БКМ қолданбағаны үшін ескерту түрінде әкімшілік жаза көзделген. Жыл ағымында бұзушылық қайталанған жағдайда кәсіпкерлік субъектісінің мөлшеріне байланысты 15 АЕК және одан жоғары айыппұл салу қарастырылған