
Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Орал қаласының жас тұрғындарын қуантып, осы жарқын мереке өтетін жерлерде оларға кішкентай қуаныш – үрмелі шарлары сыйлауды шешті.
Үрмелі шары мерекенің, қуаныш пен көңілді рәмізі болып саналады. Балалар қуанышпен шариктерді қабылдады, ал жауап ретінде бақытты күлкі сыйлады.
Назардан тыс қалмай, ересектер үшін, мемлекеттік кіріс органдарының қызметкерлері іс-шара өткізіп, "Чекті талап ет – сыйлық ұтып ал" атты науқанға белсенді қатысуға шақырды.
Орал тұрғындарына акцияның шарттары мен іРһопе-7 смартфонын ұтып алу мүмкіндігі көрнекі және қолжетімді жазылған жаднамалар таратылды.
2019 жылғы 1 мамыр мен 8 тамыз аралығында жалпыреспубликалық акция кезінде Play Market немесе App Store-ге тегін "Таңдау" мобильді қосымшасын жүктеп, профильді толтырып, тіркеуден өту қажет. Акцияға БКМ онлайн чектері қатысады.
"Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал" акциясы туралы толық ақпарат сайтта www.trebui.kz
БҚО бойынша МКД