
Бүгін Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері "Орал" сауда-ойын-сауық орталығының ғимаратында БКМ онлайн қолдану мәселесі бойынша сауда үй-жайларын жалға алушылармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында бас маман Ұлжан Молдаханова қызмет түрлерін кеңейту туралы айтып берді.
Осы жыл ішінде тоқсан сайынғы негізде онлайн БКМ қолдануға 633 қызмет түрі ауыстырылады:
* 2019 жылғы 1 сәуірден бастап 323 қызмет түрі
* 2019 жылғы 1 шілдеден бастап 86 қызмет түрі
* 2019 жылғы 1 қазаннан бастап 224 қызмет түрі
Сонымен қатар, кездесуге қатысушыларға онлайн БКМ сатып алу шығындары қалай өтелетіні туралы ақпарат жеткізілді.
Патент негізінде АСР қолданатын салық төлеушілер үшін:
2019 жылы ЖТС сомасы бір онлайн БКМ немесе үш компонентті интеграцияланған жүйені сатып алуға 60 000 теңге сомасына, бірақ есептелген салық сомасының 50 пайызынан аспайтын сомаға азайту жағына түзетуге жатады.
Оңайлатылған декларация негізінде АСР қолданатын салық төлеушілер үшін:
2019 жылы салық төлеуші салық органдарында онлайн БКМ немесе үш компонентті интеграцияланған жүйесін тіркеуге қойған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың екінші жартыжылдығы үшін арналған оңайлатылған декларация ұсыну кезінде 60 000 теңге сомасына, бірақ есептелген салық сомасының 50 пайызынан аспайтын сомаға азайту жағына түзетуге жатады.
Сонымен қатар, "Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!" акциясына қатысу шарттары түсіндірілді."1 мамырда басталып, 2019 жылдың 8 тамызына дейін жалғасады. 100 күн ішінде 100 смартфон ойнатылады.
Оған әрбір адам қатыса алады. Ол үшін өз гаджетіне "таңдау" қосымшасын көшіріп, чектің деректерін осы қосымшада сақтау қажет.
Әрі қарай тек ұтыс ойынын бақылау ғана қалады. Жүлде иесі кездейсоқ сандар генераторының көмегімен күн сайын анықталады.