Жарияланған күні: 08.05.2015 15:18
Өзгертілген күні: 08.05.2015 15:19

        Ойын бизнесін  букмекерлік кеңселер, тотализаторлар, казинолардың дамытуымен байланысты мемлекет Қазақстанда ойын бизнесін реттейтін заңнаманы жетілдіруде.

            Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев  2015 жылғы 24 сәуірде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №310-V Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

     Аталған заңмен Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы», «Ойын бизнесі туралы»,Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, сонымен қатар, «Салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» кодексінің ойын бизнесін реттейтін тарауына да 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін кейбір өзгерістер енгізілген. Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, ойын бизнесінің салық төлеушілері болып  осы салада қызмет көрсетумен  айналысатын заңды тұлғалар саналады. Яғни, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке кәсіпкерлер ойын бизнесімен айналысуға құқылы емес.

бұдан басқа, ай сайынғы с төленетін салықтың мөлшері де ұлғайтылған:

-          букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар кассасынан 75 АЕК тен 150 АЕК(277 мың тенге) дейін;

-          электронды тотализатор мен  букмекерлік кеңсенің электронды кассасынан 75 АЕК(138 мың теңге) тен 2000 АЕК –ке дейін (3 млн. 704 мың теңге);

Электронды кассаларға салықтың көбеюуі  оның көп қолданбалы режимде жұмыс істеуімен байланысты болып отыр. Бір мезгілде Интернет- ресурста  орташа саны 200 мың адамға дейін(соның ішінде резидент еместер де)  тіркеліп бәстессе, оның 50 пайызы тұрақты ойыншылар болып саналады. Социологиялық  сұрақ–жауаптар нәтижесінде анықталғандай, әрбір ойыншының орташа ұтысқа тігетін сомасы бір айға шамамен  5000 теңгеден келеді екен.

            Сонымен қатар, осы Заңға сәйкес, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінде» сәйкесті баптары нақтыланып, «Ойын бизнесі туралы» заңды  бұзғаны үшін қосымша  әкімшілік жауапкершіліктер белгіленген.

 

БҚО бойынша МКД