Жарияланған күні: 16.07.2019 18:34
Өзгертілген күні: 16.07.2019 18:35

Егер сіз Мемлекеттік кіріс органдарында тіркеусіз жеке тасымалдаумен айналыссаңыз, Сізге жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне тұру қажет. Заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеу дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу кезінде мәлімделген орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кіріс органында дара кәсіпкер ретінде есепке қою болып табылады.

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген хабарлама тәртібімен жүргізіледі (2016 жылғы 29 наурыздағы №479-V ҚР Заңы).
Жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелу үшін мемлекеттік кіріс органына белгіленген нысан бойынша дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама ұсынады. Хабарлама "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда не келу тәртібімен қағаз жеткізгіште ұсынылады.

ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 35 бабының 2 тармағына сәйкес жеке кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркеуге келесі шарттардың біріне жауап беретін жеке тұлғалар жатады:

1) жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын тұрақты негізде;

2) жеке кәсіпкерліктен Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған жалақының 12 еселенген ең төменгі мөлшерінен асатын мөлшерде есептелген жылдық табысы болады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабына сәйкес кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ іс-әрекеттерді (операцияларды) тіркеусіз, рұқсатсыз жүзеге асыру, сол сияқты хабарламаны тіркеу, рұқсат беру, хабарлама жіберу міндетті болған жағдайларда жібермеу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

Жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне-қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. - әкімшілік құқық бұзушылық жасау заттары және (немесе) құралдары тәркілене отырып не онсыз, ал кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен лицензиясыз айналысу әкімшілік құқық бұзушылық салдарынан алынған табысты (дивидендтерді), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркілеуге әкеп соғады.

Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

Жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне-сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. - әкімшілік құқық бұзушылық жасау заттары және (немесе) құралдары тәркілене отырып, ал кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен лицензиясыз айналысу әкімшілік құқық бұзушылық салдарынан алынған табысты (дивидендтерді), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркілеуге әкеп соғады.

Орал қалалық МКБ