Мүмкіндігі шектелген жеке тұлғаларға салық салу бойынша берілетін жеңілдіктер
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес мүмкіндігі шектелген жеке тұлғаларға салықтарды төлеуде көптеген жеңілдіктер ұсынылған.
Салық кодексінің 403-бабы 2-тармағы 3-тармақшасына сәйкес мүлік салығы бойынша меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 1500 еселенген мөлшері шегінде – барлық топтағы мүгетектер мүліктік салықтан босатылады.
Жер салығы бойынша салық кодексінің 373-бабы 3-тармағының 4 тармақшасына сәйкес барлық топтағы мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-анасының біpeyі төмендегі объектілер бойынша жер салығын төлеушілер болып табылмайды:
тұрғын-үй қоры, соның ішінде, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелері;
үй маңындағы жер учаскелері;
өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын жүргізу, бағбандық үшін берілген және құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелері;
гараждар орналасқан жер учаскелері бойынша.
Жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы бойынша жеңілдіктер Салық кодексінің 365 бабы 3тармағының 5 тармақшасына сәйкес салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша - меншігінде мотоколяскалары мен автомобильдері бар мүгедектер көлік құралдарының салықтарынан босатылады. Бұл жеңілдіктер 2013 жылдың 31 желтоқсанынан кейін уәкілетті мемлекеттік органда тіркеу (қайта тіркеу) әрекеттері жүргізілген, қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильдері бар тұлғаларға қолданылмайды.
Мүмкіндігі шектелген жеке тұлғаларға жеке табыс салығы бойынша Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 156 бабы 1 тармағының 13 тармақшасымен I, II, III топтардағы мүгедектер, сонымен қатар мүгедек балалар үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төменгі жалақының 75 еселенген мөлшері шегінде бір жылдағы табыстары жеке табыс салығынан босату қарастырылған.
Салық кодексінің 156-бабының 13-2 тармақшасымен сонымен бірге осы тармақшаны қолдану күніне бұл адамның:
«мүгедек бала» санатындағы адам он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай адам үшін - осы адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;
«бала кезінен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмір бойына әрбір осындай адам үшін - осы адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі болып табылатындығының негізінде ең төмен жалақы мөлшерінің 75 еселенген мөлшерiнде айқындалатын шектен аспайтын бiр жылдағы кірістері салық салуға жататын жеке тұлғалардың табыстарынан шығару қарастырылған.
Көрсетілген шектегі табыстарға салық салудан босату, тоқтату немесе осындай босатуды қолдану үшін негіздер бойынша салықтық кезеңге ұсынылады. Босату келесі негіздер бойынша жүргізіледі:
- Салық кодексімен белгіленген шекте осындай түзетудің мөлшерін көрсетумен салық салуға жататын табыстарды түзетуді қолдануға арналған жеке тұлғаның өтініші негізінде;
- растайтын құжаттар көшірмесін табыс еткен кезде.
Осы тармақшаның ережелері қорғаншылыққа және қамқоршылыққа мұқтаж адамдардың қорғаншылары және қамқоршылары болып табылатын, тиісті білім беру ұйымдары, медициналық ұйымдар, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары әкімшіліктерінің жұмыскерлеріне қатысты олардың мұндай ұйымдармен еңбек қатынастарында болуына байланысты қолданылмайды.
Осы баптың 1-тармағының 13) және 13-2) тармақшаларында көзделген нормаларды салық агенті жеке тұлғаның кірісіне жеке тұлға осындай кірістен жеке табыс салығын ұстаған күннен кейін өтініш білдіруі себепті қолданбаған болса, онда жеке тұлға көзделген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде (бес жыл) осындай кірістен жеке табыс салығын ұстауды жүргізген салық агентіне, солардың негізінде салық агенті салық салуға жататын кірістерді қайта есептеуді жүргізетін құжаттарды ұсынуға құқылы.
БҚО бойынша МКД