"Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 24-бабына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын агенттердің төлеуіне жатады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден:
1) осы Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған жеке тұлғалар;
2) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар жеке тұлғалар босатылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу осы тармақшада көрсетілген адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады;
3) әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;
4) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар;
5) салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар босатылады.
Ұстап қалған (есебiне жазылған) мiндеттi зейнетақы жарналары Мемлекеттік корпорацияға:
- жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар, жеке практикамен айналысатын адамдар жұмыскерлерге, сондай-ақ нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жеке тұлғаларға төленген кірістерден – кірістер төленген айдан кейiнгi айдың 25-інен кешiктiрмей аударады.
Заңның 25-бабына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын мiндеттi зейнетақы жарналары міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кірістің 10 пайызы мөлшерінде белгiленедi.
- жеке практикамен айналысатын адамдар, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар үшiн өз пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын мiндеттi зейнетақы жарналары алынатын кірісінің 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнiң 10 пайызынан кем емес және ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгiленедi.
Осы Заңның 39-бабының 10-тармағына сәйкес Агенттер, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларды қоспағанда, міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры уақтылы есептеуге, ұстап қалуға (есебіне жазуға) және төлеуге міндетті.
БҚО бойынша МКД