
2019 жылдың 6-19 ақпаны аралығында Tengrinews.kz ақпараттық порталы алаңында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы М. Е. Сұлтанғазиевтің интернет-конференциясы болып өтті.
Интернет-конференцияны өткізу кезінде портал оқырмандары салықтық және кедендік әкімшілендіру бойынша жүзден астам сұрақ жолдады.
Портал оқырмандарын негізінен келесі тақырыптар қызықтырды:
- салық декларацияларын тапсыру тәртібі мен мерзімдері;
- жалпыға бірдей декларациялауды енгізу;
- заңды тұлғалардың банкроттығы;
- салық берешегін тексеру;
- көлік салығын есептеу;
- электрондық шот-фактураларды жазып беру;
- қате төленген салық сомасын қайтару;
- мүліктік табыс;
- арнаулы салық режимдері;
- БЖТ;
- онлайн БКМ тіркеу;
- кедендік құнды бақылау;
- көп балалы аналарға салық жеңілдіктері.
ҚР ҚМ МКК Төрағасы келіп түскен барлық сұрақтарға жауап берді.
Келіп түскен сұрақтармен және оларға берілген жауаптармен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://tengrinews.kz/opinion/833/.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі